Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мемлекеті) қалыптасқан саяси-этникалық жағдайға, ондағы динас-
тиялық (әулеттік) талас-тартыстар мен руаралық жанжалдарға терең
тарихи талдау қажет.
Алғашқы қазақ хандарының Әбілқайыр ханнан бөлініп ауа
көшуінің кейбір итермелеуші мотивтері жазба деректерде келті-
ріледі. Мысалы, Мұхамед Хайдар Дулати: «Ол кезде Дешті Қыпшақта
Әбілқайыр хан билік жүргізетін. Ол Жошы тұқымдарынан шыққан
сұлтандарға тыныштық көрсетпеді. Жәнібек хан мен Керей хан одан
қашып Моғолстанға бет алды» [15, 185–236 бб.]. Әбілғазы бахадүр
де осыны қостайды. Махмұд бен Уәли былай деп жазады: «Тұқай-
темірдің кейбір ұрпақтары, мысалы, Керей хан мен Жәнібек хан
бағынудан бас тартты. Олар ата-бабаларынан қалған елден безіп,
Моғолстанға жолға шықты» [16, 320–368 б.]. Бұл сөздерден қазақ
хандарының тікелей Дешті Қыпшақ хандарының ұрпақтары ретінде
көрініп, көшу себебі Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік үшін болған
әулеттік күрестен туындағаны көрініп тұр.
Бұл күрес Шейбан (Жошының бесінші баласы) мен Тұқай-Темір
(Жошының он үшінші баласы) ұрпақтары арасындағы бақталастық
ретінде Алтын Орда ханы Бердібек тұсында Батудың тармағы үзілген
кезеңнен басталады. Шейбан және оның ұрпақтары Батудың тұсында,
кейінірек Өзбек ханның кезінде барлық Жошы тұқымдары қудалан-
ған тұста ерекше артық жағдайға ие болды. Сондықтан да өзбек-
шейбанидтер осы артықшылықтарын есіне алып, мақтанатындығы
белгілі [17, 14–17 бб.]. XIVғасырдың екінші жартысында Алтын
Орданың дағдарысы кезінде бұл әулеттің бірнеше өкілдері Саин
тағына таласты. Ал Тұқай-Темір ұрпақтары 1359 жылы Бердібек хан
қайтыс болғаннан соң Жошы ұлысының шығыс қанатында Орда-
Ежен әулетін ығыстырып, билікті қолдарына алды [17, 61 б.]. Бұл
дербес мемлекеттің (Ақ Орда) соңғы билеушісі Барақ Саин тағына
да отырды. Демек алғашқы қазақ хандарының арғы тегі Шығыс
Дешті Қыпшақтағы билікке бұдан бір ғасыр бұрын араласа бастаған,
сондықтан олардың шейбанидтермен күресі заңды көрінеді. Барақ
хан дүниеден өткеннен кейін осы территорияда өз мемлекетін құрған
шейбан әулетінен шыққан Әбілқайырдың тұсында (1428–1468) Орыс
хан ұрпақтарының 1457 жылға дейін ұстанған позициясы туралы
мәлімет жоқ. Жалпы осы дәуірге байланысты жазба деректер өте
аз. Прошейбанидтік бағыттағы Масғұд бен Кухистанидің «Тарих-и
Абу-л Хайр-хани» еңбегінде Әбілқайыр ханға қарсы топтың ішінде
бұлардың аты аталмайды.
Бұл кезеңге байланысты ақтаңдақтың орнын халық арасына
тараған тарихи аңыз-әңгімелермен толықтыруға болады. Тарих ғылы-
|