Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет57/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
оларды төмендегіше жіктеуге де болады: қазіргі ахуалмен, оның мін-
деттерімен тікелей байланысты актуалистік (саясат, құқық, мораль, 
ғылым – әсіресе техникалық, жаратылыстанымдық ғылымдар) және 
бүгінгі күннің талабына жанама әсер ететін ретроспективті (дін, 
өнер, әдебиет, философия, қоғамдық ғылымдар, тарихнама).
Бірінші топ тарихи сананы іске асырудың ерекше формасын 
құрайды. Оған тән мәндік бірліктер – саяси лозунг, құқықтық заң, 
моральдық норма – рефлексивті емес болып көрінеді, өзінің пайда 
болуы мен қызмет етуінің тарихи түбірін жасырып тұрғандай 
көрінеді. Бірақ қашанда әлеуметтік ахуал өзгерген кезде, лозунгтар 
ескіреді, заң тиімді болмай қалады, норма құнсызданады, тарихи 
сынның, бұл сәтті өзгелерімен салыстырудың, қоғамды, адамдардың 
жүріс-тұрысын басқарудың жолдарын іздестірудің қажеттілігі 
туындайды. 
Өз кезегінде ретроспективті топқа жатқызылған салалар өз 
даму ерекшеліктеріне қарай, әлеуметтік-тарихи жағдайларға сай 
өзін өзектілендіріп көрсете алады. Мәселен діннің дамуындағы 
модернизация, қазіргі өнердегі бұқаралық мәдениет, әдебиеттегі 
беллетризм үрдістері осының мысалына жатады. Демек, тарихи 
сана өмір сүруінің жоғарыда бөліп көрсетілген актуалистік және 
ретроспективті формаларының арасындағы шекара мейлінше 
шартты, бірақ ол бәрібір дәлірек айқындауды талап етеді. 
Тарихи сананың болмысына жасалған бұл талдау қазіргі заманғы 
қазақ тарихының философиясын терең түсінуге септігін тигізеді. 
Ғаламдық ауқымда да, еліміздің ішінде де соңғы онжылдықтарда 
болып өткен орасан зор өзгерістер тарихи сананы онан сайын өзек-
тілендіре түседі. 
Осы айтылған теориялық қондырғылардың мысалы мен дәлелін 
қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен айшықты түрде келті-
руге болады. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің түпкі архетипі 
көшпенді шарушылық-мәдени тип екендігі ещкімде де дау туғыза 
қоймайтын шығар. Ал осы уақытқа дейін еуропаорталықтық 
көзқарастың басымдылығымен ескерілмей, тіпті кемсітіліп келген 
көшпенділік құбылысы гуманитарлық ғылым салаларында өрке-
ниеттер теориясының таралуына орай мәдениеттегі Шығыс пен 
Батыс дилеммасы сияқты, отырықшылық – көшпенділік балама-
сында сипаттала бастады. Соңғы кездері номадология аталатын 
арнаулы саланың кеңінен таралуы еуропалық зерттеушілер мен 
ғалымдардың көшпенділік феноменіне жаңа дүниетанымдық 
бағдар ретінде қызығушылық таныта бастағанын аңғартады. Біздің 
мекен етіп отырған Орталық Азия территориясында қалып-


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет