Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет61/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
мында кеңінен қолданылмағанымен «даланың ауызша тарихнамасы» 
деген атпен белгіленетін бұл деректемелер тобына Ш. Уәлихановтың, 
В.П. Юдиннің, А. Сейдімбектің берген бағалары көпшілікке мәлім. 
Қазақтың «Ақжол бидің өлімі», «Қодан тайшының жоқтауы», «Ноғай 
мен қазақ айрылысуы» сияқты ортағасырлық тарихи айғақтарды 
дәлелдейтін аңыздар, сонымен қатар ноғайлы дәуірі мен онан кейінгі 
кезеңге қатысты тарихи тұлғалар (әз-Жәнібек, Асан қайғы, Алаша 
хан және т. б.) туралы әңгімелер тенденциялық сипатта жазылған 
жазба деректермен салыстырғанда шындыққа жақындығымен 
ерекшеленеді. Аңыз бойынша руаралық жанжал қара қыпшақ 
Қобыландының арғын Ақжол биді өлтіріп кетуінен басталады. Құн 
сұраған арғынның сұлтаны Жәнібектің талабын жоғары билеуші 
Әбілқайыр хан орындамайды. Мұның арты бірқатар тайпаның 
ноғайлы туысқандарымен айрылысып, ел-жұртынан ауа көшуімен 
аяқталады. 
Демек, ата-бабадан қалған жұрттан безіп, бөтен елге, Шағатай 
нәсіліне көшудің бір себебі Әбілқайыр хандығында бұрынғы қалып-
тасқан далалық рулық демократиялық тәртіптің бұзылуымен де 
түсіндіріледі. Бұл жағдай жазба деректермен де дәлелденеді. Камал 
ад-Дин Бинаидің айтуынша «билік жүргізу мен сұлтандықтың 
жарғысы ескі тәртіпке сай келмей бұзылды» [18, 91–127 бб.]. Жоғарыда 
келтірілген «Тарих-и Рашиди» және «Бахр ал-асрар фи минакиб ал-
ахиар» шығармаларынан да осы тәріздес хабарлар ұшырасады және 
олардан Әбілқайыр ханның жеке билікке ұмтылғаны аңғарылады.
Хан билігінің беріктігі хан саясатының анағұрлым ірі рулардың 
мүдделеріне сай келу-келмеуіне байланысты екендігі көптеген 
мысалдардан көрінеді. Егер мүдделері сай келмей немесе құқы 
төмендетілген жағдайда вассалды рубасылары өзінің жұртымен 
үдере көшіп кететін немесе ашық қарсыласатын. Ол уақыттарда 
«ауып көшу» бағынбаушылықты білдіретін және көп қолданылатын 
қарсылықтың формасы болып табылатын еді. «Қазақ» сөзінің 
семантикалық мағынасы жөнінде ғылымда алуан түрлі пікірлердің 
орын алғанына қарамастан «қазақша өмір кешу» бағынбауды, еркін 
өмір сүруді білдіреді деген болжам қабылданған. Ортағасырларда 
«қазақшылық» институтының кең таралғаны жазба деректерден 
мәлім. Мысалы, Тоқтамыстың қазақтары, Ибақ ханның ноғай қазақ-
тары, шейбанидтік қазақтар және т. б. Яғни Жәнібек пен Керейдің 
көші арқылы ғана этникалық мәнге ие болған «қазақ» термині бұған 
дейін саяси-әлеуметтік мағынада қолданылған. Сонымен хандықтың 
құрылуы мен халықтың қалыптасуы тарихындағы көп нәрсені 
этнонимнің өзі айқындап тұр. 


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет