Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет79/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмірді 
үйлесімдендіруге қызмет ететініне шүбә келтіруге де болмайды. 
Осы орайда қазақ философиясына, дүниетанымына сипаттама 
берген кейбір зерттеуші-ғалымдардың позициясына сүйінсек «XV–
XІX ғасырлардағы қазақ жыраулары мен ақындарының, билері мен 
шешендерінің, ағартушылары мен ойшылдарының бай рухани 
мұрасында даналық та, терең түсінік те бар» [3]. Әрине, Батыс-
еуропалық қатаң үлгідегі ғылым да, философия да қазақ даласында 
көрініс таппағанмен, оның өзіндік өмір салтына, дала өркениетінің 
ерекшеліктеріне сай келетін бейнелер түрінде дамығанын айта 
аламыз.
Әлемдік мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесші 
қызметін атқарған Аристотель, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты 
тұлғалардың қатарын Қадырғали би Жалайыр де толықтыра 
түседі. Оның дүниетанымының өзегін халыққа, елге, тарихқа үлкен 
құрметпен қараушылық құрайды. Ол өз құндылықтар жүйесінің 
негізіне ынтымақтастықты қабылдаған. Міне, осының өзінен 
ойшылдың көзқарасындағы басымдық танытатын іргетас, принцип 
гуманистік бағдар екенін байқаймыз.
Жалпыадамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетаным-
дық бағдар – жауынгерлік көзқарас екені белгілі. Барлық халықтарда 
табиғи күрес, дихотомиялық тайталас (біздер мен жаулар), яғни 
жас ұрпақты Отанын қорғау үшін ерлікке ұмтылуға, батыр болуға 
итермелеу жетекші рөл атқарып келді. Қоғамдық пікір ел үшін жанын 
қиған ерлерін мадақтады, қорқақтарды әжуалады, сатқындарды жек 
көрді. Бұл тарихи процестің барлық халықтарға тән келбеті.
«Оң қолында шариғатпен іс жүргізсе, сол қолымен ұры-
қарақшы жамандарды патша Борис Федорович үкім-жарлығымен, 
жаза-қамшысымен аяусыз жазалар еді. Сол, себептен Керман 
шаһары, Борис Федорович хан мемлекетінде тыныштық (амандық) 
болды», – деп Қадырғали Жалайыр Ораз-Мұхаммед хан дәуіріндегі 
діни, саяси-әлеуметтік жағдайдың жалпы сипаттамасын береді [2, 
125 б.]. Яғни Қадырғали би ханның уәзірі ретінде қоғамда әлеуметтік 
тұрақтылықтың екі негізі болатындығын меңзеген. Біріншісіне руха-
ни дүниенің негізінен бір бағытта өрбуі немесе имандылық жолы 
жатса, яғни сол саладағы халық бірлігі деп ұғынса, екіншісіне мемле-
кеттегі ішкі тәртіптің белгілі бір заң түріндегі, немесе этикалык және 
этникалық дәстүр түріндегі нақты қалыптарға бағынуы танылады.
Бұл сол тарихи кезеңдегі ең тиімді саяси жүйе, моральды 
мағынадағы қоғамды тұрақтандырушы және алға дамуға іргетас 
болатын айшықтар еді. Өйткені ортағасырлық коғамдық құрылым 


82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет