Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет77/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
қалыптаспаған кезінде өмір сүрген түркі ойшылдары. Сондықтан 
оларды түркі халықтарына ортақ, тарихи түлғалар –ойшылдар деуге 
болады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегімен тарих философиясы саласын-
да өзіндік маңызы бар, қомақты үлес косқан ойшыл. Шығыста 
шежірелер арқылы тарих бетін сараптаудан өткізу үлкен дәстүрге 
айналғаны белгілі. Сонау Өтеміс қажыдан кейін Мұхаммед Хайдар 
Дулати, кейінірек Әбілғазы («Түрік шежіресі»), Шоқан Уәлиханов, 
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әлихан 
Бөкейханұлы сынды ғұламалар бұл зерттеу әдісін өз шығармаларын-
да жалғастырды [1].
Тарихты шежірелік сипатта баяндау – ортағасырлық Шығыс 
мә-дениетіне тән құбылыс. Тарих философиясының осы әдістемесін 
Өтеміс қажы да «Шыңғыснамесінде» қолданады. Ақсүйектер тұқы-
мын бір жүйеге келтіріп, ретімен тізіп отыру – бұл ортағасырлық 
қоғамдық сананың елеулі ерекшелігі.
Адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерін жан-жақты сараптаудан 
өткізу үшін міндетті түрде оны философиялық тұжырымдаулар 
тұрғы-сынан байыпты қарастырған жөн. Бұл өз кезегінде тарих 
сахнасында жарқырап көрінген ұлы ғұламалардың кең ауқымды 
дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейді. Олардың дүниеге 
көзқарасындағы ерекшеліктерді анықтау арқылы бүкіл бір қауымдас-
тықтың әлеуметтік болмысы, ойлау мәдениеті жайлы мағлұматтар 
аламыз жәнс сол арқылы мәдениет пен тарих философиясы деген 
үлкен салалардың ауқымын кеңейте, тереңдете түсетініміз анық.
Орта ғасырларда өмір сүрген ойшылдарға тән үлгілердің 
шеңберінде болғанмен Қадырғали би өзінің дүниетанымының 
негізіне адам мәселесін алған, оның мәртебесін көтерген. Адами 
қатынастардың қоғам үшін, мемлекет үшін, жалпы ғаламдық 
үйлесімдік үшін маңызы зор екенін сезінгені байқалады.
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Шыңғыс ханның ұлдарына 
айтқан өсиеттерін баяндай отырып, әлеуметтік таным туралы да өз 
позициясын білдіріп кетеді. Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән 
әмбебаптық таным туралы пікірін былай деп келтіреді: «Кім өзін 
жақсы білсе, басқа біреуді сондай білгей» [2].
Бұл тұжырымның негізінде тек Шыңғыс ханның ғана емес, 
жалпы Шығыстың ділінің, менталитетінің ерекшелігі жатқан сияқты. 
Яғни адам қоршаған ортаның көптеген қасиетін аша білуі үшін ол өз 
бойындағы құпияларды танып-білуге тиіс. Міне сонда ғана он сегіз 
мың ғаламның сан түрлі жұмбағы біртіндеп ашыла бермек. Ол үшін 
адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерін тануы және игеруі 


80 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет