Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет80/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ыдырап, бөлшектеніп кетуге бейім болатын. Міне, осындай жағдайда 
елді біріктіруші, топтастырушы фактор ретінде хандық жүйенің 
саяси-әлеуметтік институт ретінде үлкен қызмет атқарғаны белгілі. 
Қадырғали Жалайыр түркі тайпаларын «алаш мыңы» деген ұғым 
арқылы біріктіре қарастырады. Сонымен қатар Борис Годунов 
патшаның ықпалында болғандықтан бұл одақтың да тиімді тұстарын 
алаш хандығы үшін пайдаланғанды жөн деп санайды. Осыдан ұлы 
ойшылдың жәй ғана хан сарайындағы уәзір емес, саяси парасаттылығы 
жетілген мәмілегер, даналығы мол ғұлама екендігін байқаймыз. 
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Алаш жеріндегі негізгі осал тұс – 
хандықтар мен сұлтандықтарға бөліну, ыдырампаздыққа бейімділік 
екендігін көрсеткендей. Шынымен де, мықты тәртіп, рухани келісім 
мен бірлік болмаған жерде елде де, жерде де береке болмайтыны 
белгілі. Ал, дала даналары, ғұламалары осы жағдайды терең
түсініп, әр кезде адамдар арасындағы біріктіруші тетіктерді дамыту-
дың, халықты, мемлекетті бөлшектейтін, адамдарды бір-бірінен 
алшақтайтын нәрселермен күресудің қажеттігін айтумен болған.
Қадырғали Жалайыр дүниетанымы
Егемен мемлекет регінде әлемдік қоғамдастыққа еніп, өрке-
ниетті елдер қатарына қосылуға ұмтылыс жасап жатқан Қазақстанға 
толысқанды да жан-жақты дамыған ұлттық ойлау жүйесін қалып-
тастыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін көптеген факторлармен 
қоса әлемдік рухани тәжірибені, халқымыздың дәстүрлі мәдениетін, 
шығыс елдерінің үлгілерін тиімді пайдаланғанымыз жөн.
Шығыстағы қайта өрлеу дәстүрлерінің мәдени-әлеуметтік 
байланыстарын өз тарихымыздың әртүрлі кезеңдеріңдегі қарым-
қатынастарымен зерделеп, оларды қайта қарап, мүмкіндігінше 
синтездеу керек.
Еліміздің тарихында ерекше орын алатын кезең ХV ғасыр – Қазақ 
хандығының құрылып, нығая бастаған шағы. ХVІ ғасырдың ортасы, 
ХVІІ ғасырдың басында өмір сүрген атақты тарихшы, дарынды ойшыл, 
мемлекет қайраткері, қазақ халқының біртума ұлы Қадырғали би 
Қосымұлы Жалайыр туралы, оның өмірі мен шығармашылығы 
жайлы біраз тарихшылар жұмыстар атқарды. Бірақ ғалымның 
дүниетанымы, толыққанды салауатты көзқарасы, әлеуметтік ойлары 
туралы әлі сөз қозғалған жоқ. Ал оның «Шежірелер жинағы» атты 
еңбегі ұлтымыздың мәдени және рухани тарихында алатын орны мол. 
Шоқан Уәлиханов Жалайырдың кітабын «Жылнамалар жинағы» деп 
атап, одан бірнеше тарихи үзінділер келтіреді [4].


 
83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет