Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тұрақтылықтар – халықтың болмыс пен сана сезім арқылы бізге жаң-
ғырып жеткен кеңістік пен уақыттың тұрақты параметрлік өлшемі
болумен бірге сөйлеу тілінің образды бейнесін қалыптастырған
рәміздік сөз тіркестері: «Сүт пісірім уақыт», «бие сауым уақыт».
Қазақ дүниетанымында уақыт пен кеңістік қатынасын түсіну үшін
оның табиғи мүмкіндіктерін ескергеніміз жөн.
Дүниені, әлемді үздіксіз күрес ретінде қабылдасақ та, оның
түрлерінің бірлігін, ұдайы қозғалыс пен ұзақтықтың біртұтастығын
ұғамыз. Түркілер кеңістік пен уақыт әлемінде күнге, айға және
жұлдызға үлкен мән бергенімен, көк тәңірі жаратылыстың ең
жоғарғы анықтаушысы болып қала берді. «Шыңғыс хан доңыз жылы
туды, түрікше күн есебінде жетпіс екі жыл өмір кешті. Және тағы
ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай есебінен әр отыз жылда
бір жыл тафаут (қосылады) етеді. Барша моғол түрік есебімен есеп
қылады» [2, 50 б.] – дейді Қадырғали.
«Орта ғасырлардағы адамның табиғатқа қатынасы субъектінің
объектіге қатынасы емес, сыртқы әлемде өзін-өзі табуы, космосты
субъект ретінде қабылдау. Адам ғаламда өзінде бір қасиеттерді
көреді. Жеке адам мен әлемді бөлетін нақты шекара жоқ; әлемде
өзінің жалғасын тауып, сонымен қатар әлемді өзінде ашады. Олар
бір-бірінде көрінгендей болады» [10, 51–52 б.].
Адам өмірін мазасыз, үнемі өзгеретін процесс ретінде қарайтын
Қадырғали шығармашылығы дүниедегі барлық құбылыстар мен
заттарға осы пікір, осындай көзқарасты қолданады. «Ғаламда
болып жатқан қарапайым болмыстар небір ғажайып оқиғалардың,
жаратушы жаратқан иемнің хикметті құдретінің ісі екенін көреміз.
Құдіретті күшті жаратушының мейір-шапағаты түсіп, кейбір
пендесін адамзаттан асырып жаратқанына, шексіз кереметтігіне,
жаман да таң-тамаша болады.
Алла тағаланың адам баласы мен бүкіл дүниедегі тіршілікте
болып жатқаннан тізгіні бір өзінің қолында екені белгілі, Алланын
пендесі солай деп сенеді. Олай болса, Алланың өмірімен солай
болған еді.
Бәрі де алланың қолдауымен, оның әмірімен іске асады» [2, 35 б.].
Жалпы түркі тарихында бейбтшілікті қолдаған дәстүр болды.
Тіпті ислам дәуірінде жаулап алып, бағындырған барлық халықтарға
діни еріктілікті ұстанады. Жалайыр еңбегінде осы екі ұғым қосарлана
қолданып отырылған.
Ерлік, қаһармандық болған жерде ел бірлігі сөз болмай
қалмайды. Сондай-ақ азамат ердің естен шығармайтын міндеті,
парызы бар. Ол туған елдің жерін, тәуелсіздігін қорғау, бейқам
|