Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет95/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
болмай, дұшпандарға, жау жаққа сақ болу. Бейбіт өмірді баянды 
етуге күш салу, тұрақты қоғам құру.
Түркі тарихында әрқашан куаттылық, амандық-саулық, бірлік 
және тәуелсіздік идеясы болған. Осылардың негізін Қосынұлы жан-
жақты қарастырып, ұлттық идея ауқымын баяндайды.
Өзі қатысқан тарихи оқиғаны барлық желі-жапсарымен толық 
баяндайды. Сан және сапа жағынан алғанда бұл баяндауда жеке дара 
оқиғалардың қасиеттерінің, көлеңкесіне дейін анықталған. Ал өзі 
көзі көрмеген, біреулерге сілтеме жасалынған оқиғаны суреттегенде 
оларды таразылап, топтамаға айналдырып, іріктеп көрсетеді.
«Бір уақытта Мұқалы гөйәнді әскерімен Никиас жаққа жіберді, 
ол жетпіс екі қаланы, уәлаятты алды, елші жіберді құлдық етіп 
Шыңғыс ханға, осы халден неге уәлаяттар ашылғанын хабар берді 
және сауал қылды: «Бізге рұхсат бар ма, я жоқ па? Жарлығын 
айтсын, қайтайықпа, я тағы қалаларды алайықпа? – деп. Елші 
қайтып келді. Мұқали гөйен сұрады: «Қалаларды алайық па? – деп. 
Елші қайтып келді. Мұқали гөйен сұрады: Қалайша құлдығымызды 
Шынғыс ханға жеткіздің, менің сөзімді арыз еттің бе, ол не айтты? 
Бас бармағын көрсетті. Және сұрады менен соң бармағын қойды, 
Мұқалыға қой деп айтты (онан соң Мұқалы айтыпты): «Бекерге риза 
емеспін, өйткені өлгенше күш бердім, барымды сарқып бәрінде 
көрдім». Ол тағы сұрады, тағы кімдерге бармағын көрсетті, солай 
бармақтарын қойдылар, солайша Бауыршы Борағұл, Куйлай, 
Чилагун, Қарашар, Шадай, Бадай, Қышлық бәріне бұйырды, 
бұларға да бармақтарыңызды қойыңыз деп еді. Менен ілгері, кейін 
көмекші және жәрдемшілер күш бергендер менің және оқты жақсы 
атушылар, Күтаул (ат күтушілер) ат байлайтындар құспен аңға 
шыққандар, құсбегілер ит жүгірткендер осылардың бәрі солар еді [2, 
83 б.].
Көбінесе суреттеліп отырған оқиғалар саяси бағыттарына орай 
қарастырылады. Олардың басты мақсаты – белгілі бір саяси және 
әскери істерді анықтап, соларды баяндау. Кейбіреуі насихаттау 
бағытында өріс алған, себебі жеңілген халықты қорқыту, ал 
жеңген елдің қолбасшысын дәріптеу тарихи міндет есептелінді. 
Шежірелердің көптеген бөліктері «жеңді», «басып алды», «жаулады», 
«өзіне қаратты», «талқандады», «бостырды» және тағы басқадай 
уақыт ырғағында көп еленбейтін, кеңістік негіздері көрсетілмеген, 
тарихи оқиғаларды ширықтыра түсетін тұстары осының айғағы 
болуы керек.
«Шежірелер жинағының» көп анықтамалары топтастыра 
келгенде бір ережеге саятын сияқты. Әрбір оқиғаны бейнелеу үш 


98 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет