Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
негізгі мән берілген және қандай да бір тарихи фактіні баяндағанда
оған өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұндай әдіс шындықтан
ауытқумауға тегеріш болады.
Нәтижесінде Жалайыр жалпы айтарлықтай деңгейде теориялық
тұжырым жасауға мүмкіндік ашады. Оны мынадай ойлы жүйеден
көруге болады. Адамға еркіндік күш тән, сондықтан ол өзінің ізгілік
және зұлымдық іс-әрекетіне жауапты, өз тағдырын өзі қалайды.
Өмірдің өзі зұлымдықтың пайда болуының алғашқы шарты. Адам
зұлымдықпен мәңгі күрестегі сарбаз, себебі оны қоршаған дүние
тұрпайы. Зұлымдықты жеңудің тура жолы – ол дүниені өзгертіп,
оны ізгіліктендіру.
Қ. Жалайыр шығармашылығындағы тарихи деректердің нақты-
лығы, дәйектілігі, айқындылығы, шынайылығы, тілінің жатықтылы-
ғы, кейбір сәттердің тарихи-мемуарлығы, хронологиялық суретте-
мелердің логикалық шегіністермен толықтырылып, айшықталып
отырылуы – бұл методологиялық тұрғыдан алғанда қазақ тарих
философиясының басты әдістері ретінде жеке зерттеулерді қажет
ететін мәселелер. Осыларды арнайы ғылыми тұрғыда қарастырсақ,
Қадырғали Жалайырдың тарихи және әлеуметтік көзқарастарында
ұлтымыздың ауқымды дәстүрлері өз жалғасын тапқанын көреміз.
Қ. Жалайырдың дүниетүсініктеріне сипаттама
Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз болмысын ойлау жүйесі,
жеке дүниетаным арқылы зерделейді. Ұрпақтан ұрпаққа рухани
құндылықтарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты жүйесін
жасайды. Сыртқы дүниедегі өзіне ұқсас қоғамдық өлшемдерді
ішкі қажеттіліктерге жаратып тарих философиясы негіздерін
қалыптастыруға мүмкіндіктер ашады. Дүние-танымның негізгі
мәні дүниені тануда емес, оның мәнді мақсатын адамға байланысты
пайымдау. «Жаһан ішінде дүниенің әр бұрышын кездім мен, –
дейді Қ. Жалайыр. – Көп кітаптар оқып, көпті білдім мен. Әділдік
пен инсаптың хабарын да көрдім мен» [2, 19 б.]. Бұндай «тарихи
рефлексия кез келген заман келбетінен жекелей, немесе кісілік
рухты бөліп алады» [8, 275 б.]. Осы мәселені арнайы зерттеген
белгілі батыс философы К. Ясперс былай деп атап өтеді: «Орталық
Азиядан Қытайға, Үндіге, Батыс елдеріне жаугершілікпен жеткен
көшпелі халықтарға (олардан ежелгі ұлы мәдениеттер жылқыны
пайдалануды үйренген еді), дәл осындай үш бағытта оның септігі
тиді: аттың үстінде осы көшпенді халықтар әлемнің кеңдігін танып
білді. Олар ежелгі ұлы мәдениетті мемлекеттерді жаулады. Қауіпті
|