Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет142/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ныстырады. Қ. Халид грамматика тіл ғылымының тұзы болса, ал 
тарих – жалпы ғылым атаулының азығы дейді. Бұл жерде тарихи 
білімнің объективтілігі мәселесі туындайды. Егер жаратылыстанулық 
білімде дерек өзімен өзі, субъектіден тыс қарастырылатын болса
тарихи деректің түпнегізін тарихшы келтіретін куәліктер құрас-
тырады. Бұл куәліктердің объективтілігі компаративистикалық 
зерттеулермен айқындала түседі. Құрбанғали Халид тек шежірелер 
және жылнамалармен шектелмей, өз баяндауында ат-Табаридің, 
Жүсіп Баласағұнның, ибн-Халдунның, Әбілғазының т.т. еңбектеріне, 
шығыстанушылардың (В. Радлов, А. Вамбери, Н. Қатанов және т. б.) 
зерттеулеріне кеңінен сүйенеді.
Тарихи білімнің объективтілігі мәселесінде деректерді тікелей 
бақылау мен байқаудың маңызы ерекше болып табылады. Өйткені 
шынайы тарих қашанда географиямен түйіседі.
Құрбанғали қызметінің ажырамас бөлігі – саяхаттары болып 
табылады. Оның өлкенің географиясы мен топономикасына қатысты, 
қалалардың, бекіністердің, ірі елді мекендердің тарихы туралы 
мәліметтері негізінен өзінің жеке бақылаулары мен жергілікті 
тұрғындармен пікірлесуі нәтижесінде және сонымен бірге жеке 
аудандар мен қалалардың ішкі өміріне қатысты өзі құрастырған 
жылнамалық материалдарына сүйене отырып жасалды. Ол сонымен 
қатар өзін қызықтырған мәселелер бойынша жеке адамдар жіберген 
жазбаша мәліметтерді де пайдаланған. Мәселен, Қарқаралы қала-
сының тұрғыны, молда Юлдашбай Жауһари (бұқаралық) оған 
Қарқаралы аймағы мен қаласының географиялық жағдайына, эконо-
микасы мен тарихына қатысты жасаған анықтамасын жібереді. 
Құрбанғали осы мәліметтерді Орталық Қазақстанның гипсомет-
риялық ерекшелігін сипаттауға және оның «Арқа» атауының пайда 
болуын түсіндіруге пайдаланады. Кей сәттерде оған түрлі халықтар 
тарихының белгілі бір кезеңдеріне сәуле түсіретін немесе солардың 
билеушілерінің қызметін баяндайтын әдеби деректер мен құжаттар 
түсіп отырды.
1897–1898 жылдары Құрбанғали Мекке-Мәдинеге қажылыққа 
сапар шегіп, жолай Батыс Еуропаның бірнеше елдерінің астаналары 
мен Таяу Шығыстың көптеген қалаларын аралайды. 90 беттен 
тұратын сапарнамалары мен осы саяхат туралы естеліктері 
«Тауарих-и хамсада» да пайдаланылған. Бұл сапарнамада этногра-
фия мен терминологияға қатысты қызғылықты мәліметтер мен 
салыстырмалы материалдар көптеп кездеседі. Қажылыққа бару 
сапарында ол сол кезеңдегі Түркияның көрнекті ағартушыларының 
бірі Ахмед Мидхатпен Ыстамбұлда танысып, тарих және басқа да 


 
145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет