Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
III тарау. ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының этикалық
негіздері
Дүниетанымдық кеңмәтіндегі этикалық қарым-қатынастар,
жалпы қазақ философиясындағыдай жыраулар шығармашылығын-
да адамзат қоғамы үшін ең құнды қатынастар ретінде қарастырыла-
ды. Қазақ жырауларының тәртіпке этикалық көзқарас логикалық
ойлаудан жоғарырақ деген ойлары бұл орайда өте түсінікті. Дүние-
танымдық контексте этикалық қарым-қатынастар адам мен адамзат
қоғамы үшін ең зор құндылыққа ие қарым-қатынастар ретінде
қарастырылады. Олар адам дамуының мақсаттарынан және оның
қоғамдағы мінез-құлықтарының өлшемдерінен гөрі ауқымдырақ
нәрсені қамтиды және білдіреді, өйткені субъект мінез-құлқы оның
дамуы мен өлшемдерінің мақсаттары, даму құралдары мен сал-
дарлары сияқты рационалды сәттерден де тұрады. Этикалық салада
субъектінің өздігінен қозғалуы және өздігінен дамуы шынды-ғында
бастапқы болып табылады. Ол Гегель философиясында классикалық
түрде ашып көрсетілген, оның философиялық мұрасында субъект пен
рух көбінесе объективтік дамудың заңдары арқылы көрсетілген.
Ақын-жыраулардың шығармашылығы мен дүниетанымы, бірін-
шіден, этикалық және эстетикалық мәселелерге шоғырланды, елдің
дәстүрлі түсінігімен астасты, тұстасты; екіншіден, ағартушылық
түсінік пен жұмыстың бағытымен ұштасып, оны тірілте, қарқындата
түсті; үшіншіден, туған елге, туған жерге, отанға деген сезімді оятты,
ұлттың әлеуметтік толғанысы мен қозғалысына ұйытқы болды.
Қазақтың ақындық дәстүрін жаңа түр мен дәрежеге көтерген
жыраулар адам мен табиғатты бақылаудың өнегесін қалыптастырды,
туған жер мен қазақтың қарым-қатынасын байыптаудың өрнегін
жетілдірді. Туған жерге деген ақындық ыстық ықылас табиғат
туралы сезімталдықты ұштады, шынайы сезімнің аясын кеңейтті.
Елдікті еркіндіктен, бірлікті адамгершіліктен іздеген жыраулықтың
тәлімгерлігі басым. Адамгершіліктің құндылығын дәріптеген
153
Достарыңызбен бөлісу: |