Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет147/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жасауының құнын салыстыра келіп, ол күйеу мен қалыңдық жақтың 
бірдей шығын шығаратынын түсіндіреді. Алайда, шаруашылық 
көзқараспен қарағанда жасау қалың малға қарағанда елеусіз нәрсе, 
себебі қалыңдық қайын атасының үйіне қымбат заттарды әкелгеніне 
қарамастан, олардың күнделікті өмірдегі маңызы төмен. Қалыңдық 
төсек – орны келгеннен соң осы заттардың жартысынан көбі күйеуінің 
қалың малға үлес қосқан туыстарының қолына көшеді.
Қ. Халид қалың малдың көлемін әр түрлі варианттарда қарас-
тырады. Ол қазақтың той салтын татар, ұйғыр, өзбек тойларымен 
салыстырады. «Тауарих-и хамсада» қазақтардың әдетінде – деп 
жазады – «күйеуді күту, құрметтеу, қадірлеу, сыйлау дәстүрде 
жоқ. Онан да жаманы, егер күйеу тарапынан сәл ғана әдепсіздікті 
байқаса, онда қалыңдықтың жеңгелері оған тіл тигізуі мүмкін... тіпті 
шапалақпен тартып жіберуі де ғажап емес.»
Онан әрі сол кезеңде белгілі Барақ батырдың қалыңдығына 
бірінші барғандағы қиналғандығы туралы әңгімесін келтіреді: «Жан-
жағымнан дұшпанның қалың қолы қоршағанда қорықпаған едім, 
бірақ күйеу болып қалыңдығыма барғанда маған қарсы шыққан 
әйелдер тобырын көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Себебі, 
дұшпаныңмен шайқасуға болады, ал әйелдердің алдында ештеңе 
істеуге болмайды, тек салт бойынша басыңды төмен иіп тұрғаннан 
басқа...».
Тойдың мәні күйеу мен қалыңдықтың ата-анасының арасындағы 
келісім екендігін айта отырып, Қ. Халид былай деді: «Әркім қалың-
дықты өзінің жағдайына қарап, байлар бай жасауымен, кедейлер 
шамасынша шығарып салатынына қарамастан, барлығының ортақ 
шарты – қалыңдықты алынған қалыңмалға сай жасауымен, аттандыру. 
Егер жасау қалыңмалға сай болмаса, онда күйеу жағы өкпелеп, кей 
кезде жанжал да шығарады». Қ. Халидтің осы мәліметі қалыңмал 
мен жасаудың басты нәрсесі – сәукеленің жойылып кеткендігін, оны 
енді тігін машинасы, самаурын және сол сияқты басқа заттармен 
алмастырғандығын көрсетеді.
Ы. Алтынсарин еңбектері біршама ертелеу жазылғандықтан, 
ондағы мәліметтерде сәукеле әлі де болса жасаудағы басты зат болып 
есептеледі. Осы екі автордың мәліметтерінде той салтының ежелгі 
элементтерінің бірі – отқа табынудың, яғни табалдырықтан аттағанда 
жас келін отқа май тамызу дәстүрінің бірте-бірте жойылып бара 
жатқанын көреміз. «Жас келін қайын атасының үйіне кіргенде, – деп 
жазады Ы. Алтынсарин, – ошаққа дейін үш рет сәлем беріп баруы 
керек, сонан соң үйдің ортасындағы отқа қолына берілген шөмішпен 
май тамызуы керек». 


150 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет