Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет155/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Қазақ ойшылдарының, жырауларының қазақ халқы дүниета-
нымын қалыптастырудағы бұдан маңыздылығы кем соқпайтын 
жетістігі ретінде олардың философиялық және дүниетанымдық ақи-
қат іздеулерінде метафизикалық көзқарастардан өзге пансубъек-
тивизм, метасубъективизм де орын алғандығын есептеу қажет. 
Мұндай философиялық көзқарас аясында ең бастысы әлемнің 
аса субъективтік бастамасы идеясы мен жалпыға ортақ заңдар 
шеңберіндегі субъективтік бірлік идеясы болды. Бұл көзқарас 
субъективтік әлемнің жалпыға ортақтығын, субъективтік заңдардың 
қолданбалылығын объективтік әлемге, заттарға, құбылыстарға 
телиді. Философияда бұған рухы жағынан жақын эзотериялық 
бірлікті әр жағынан сипаттайтын пантеизм, панлогизм, панпсихизм, 
парапсихология және т. б. мектептер жақсы белгілі.
Қазақ ойшылдарының туындыларында бұл субъективтік негіз
біріншіден, айрықша бірдеме, жерге игілік немесе көктің қаһары, 
яғни тәңірілік билік, тәңірілік эманация (жер асты әлеміне аттану) 
жіберілетін кеңістік ретінде көрсетіледі. Адам бұл кеңістікте рухани, 
моральдық (мейірімді немесе қатыгез) тіршілік иесі болып табылады, 
ал заттар әр алуан заңдар мен қарым-қатынастардың негізін бойын-
да сақтайды және өзі арқылы білдіреді. Әлемнің көзге көрінбейтін 
субъективтік негізін ең дерексіз мағынада тірі немесе эзотериялық 
субстанция ретінде атауға болады.
Ей, айтшы, Алланы айт.
Аты жақсы құдайды айт.
Төрт шадияр, Мұстафа,
Мұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім сөзі бұрқанды айт.
Кәлим Алла – Құранды айт.
Тәңірім салса аузыңа,
Жан жолдасың иманды айт [1].
Бұл субстанцияны Аристотель «энтелехия», Платон «әлемдік 
рух» деп атады. Көптеген көне ілімдерде, біздің пайымдауымызша, 
ол бірыңғай әлемнің субъективтік бастамасы ретінде ұғынылатын Ло-
гос ұғымымен белгілі бір дәрежеде байланысты. Оның объектілерге 
және объективтік әлемнің құбылыстарына шартты түрде қолданы-
луында И.Кант оны «өзіндік зат», яғни, құбылыста берілме-ген және 
түйсік арқылы сезілмейтін деп атады. Гегельде бұл – абсолюттік рух. 
Экзистенциализм оны онтология шеңберіне, болмыс категория-
сының шекарасына көшіріп, экзистенция, Меннің субстанциясы 


158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет