Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет153/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
бұл жерде бір-бірімен өзара және қоршаған әлеммен қарым-
қатынастың айрықша рухани кеңістігімен, медитациялардың, 
құдайға құлшылық етумен толғаныстардың айрықша кеңістігімен 
толығады. Оған эзотериялық қарым-қатынастарды: субъективтік өзін 
тануды, импровизацияны, мистикалық тәжірибелерді, шамырқанған 
шабытты, ресми мораль мойындаған және мойындамаған әдеттен 
тыс және соған ұқсас құбылыстарды жүзеге асыру үшін қажет бос 
кеңістік ретінде анықтама беруге болар еді.
Бұл кеңістікте субъектінің бостандығы мен тәуелсіздігі тек өзін 
өзі жетілдіру, даму мен интуицияны жетілдіру арқылы әлемнің 
эзотериялық бірлігін түйсіну қабілеті арқылы, сндай-ақ ойдың 
өзіндік және әлеуметтік жетілу жолдарын жүзеге асыратын тұрақты 
жұмысы нәтижесінде ғана мүмкін болады. 
XVІІІ-XІX ғғ. қазақ халқының көрнекті тұлғалары – жыраулары, 
билері және т.с.с. біршоғыр ой-өнер саңлақтары өздерінің мәдени, 
әлеуметтік, құқықтық және поэтикалық шығармашылығы арқылы 
осы тектес аса мол мұра қалдырды. Осылайша, «этика» және 
«этикалық қарым-қатынастар» ұғымдарын қазақ жырауларының 
шығармашылығына қатысты пайдаланар болсақ, «жақсылық» пен 
«жамандық» категориялары немесе «әлеуметтік заң» және «мінез-
құлық ережелері» ұғымдарын мүмкіндік деңгейінен гөрі кеңірек мәнде 
ұғыну қажет. Сөз, біріншіден, бұл қарым-қатынастардың діни астары 
туралы және екіншіден, тұлғаның жеке және әлеуметтік эзотериялық 
мәнде өзін табуы мен өзін іске асыруы туралы болып отыр.
XVІІІ-XІX ғғ. қазақ ойшылдарының бүтін нәрсе ретіндегі әлемнің 
мазмұны мен пішіні қатысты көзқарастары, қатаң сын тұрғысынан 
айтқанда, терең дүниетанымдық және логикалық мазмұнға ие, ол 
мазмұнның және қазіргі замандағы философияның онтологиялық 
мәселелерінің аясын кеңейтеді. Әлем мен адамның эзотериялық 
бірлігі, сондай-ақ бұл бірліктің қажеттігі де төмендегідей пікірлер 
арқылы дәлелденеді:
- егер субъективтік идеализм субъект өзінің қабілеттері ар-
қылы өзі үшін объективтік әлем қалыптастырады деп сендірсе, ал 
объективтік идеализм Абсолют, Құдай материалдық әлемді жасай-
ды деген және т.с.с. пікір ұстанса, жыраулар философиясында 
субъект сананың, еріктің, іс-әрекеттің, өмірлік қуаттың, сезімнің және 
т. б. иесі ретінде қарастырылады;
- субъект екінші және ол тек өзін қоршаған объективтік әлемді 
бейнелей алады деген пікірді ұстанатын материализмге қарама-
қарсы субъектінің белсенділігі дәлелденеді. Мұндай ерекшелік 
натурфилософияда орын алады, онда субъект тіпті енжар;


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет