Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Шал ақын жақсы жомарт, iзгi адам мен қайырымсыз, жаман
адамды салыстырып сипаттайды:
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жiгiт баймен тең.
Шешен жiгiт дүрмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Iс бiтiрмес жамандар
Жүз болса да бiрмен тең [2, 56 б.].
Жорықтың алдыңғы шебiнде, айтыс-тартыстың басы-қасында,
елдiң бел ортасында жүрген Шалкиiз елдiк пен ерлiк, жақсылық
пен жамандық, шеберлiк пен шикiлiк мәселелерiне баса көңiл
аударған, кiсiлiк қасиеттерге қайта-қайта оралған. Шалкиiздiң өзi
көп оқыған, көп нәрсенi тоқыған сынды да, сындарлы қайраткерлiк
деңгейге жеткен. Жорықта, соғыста, айтыс жанжалда ел мен ердiң
құны қатар сынға түстi. Ел ерлерсiз, ер өз елiнсiз бабына келмедi.
Қысылтаяң кезде тума туыстан сүйенiш iздедi, жұрттан суырылып
шығар дарадан тiрегiн көздедi. Ерлер кiмдер едi, нендей қасиетiмен
үлгi едi? Ерлердiң «алдаспаннан игi қолы», «жеңсiзден игi тоны»,
«арғымақтан игi малы болар ма» – дейдi Шалкиiз жырау. Шалкиiз
дүрлiккен, демiккен елге бас-көз болатын ханның бейнесiн iздестiредi.
Байсалды, батыл, ұстамды хан, сұлтан ол үшiн алдаспан. Пиғылы
терiс хан iс етсе, ол «жиған малыңды тәрiк етер, ат-тоныңды бұлды
етер, өз басыңды олжа етер». Хан Темiрдiң осындай қиқарлығын
көрген Шалкиiз одан алшақтайды. Шалкиiз жырау жау жағадан
алғанда, ел бiрлiгiнен артық қорған жоқтығын былай ескерттi:
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердiң күнi болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа [2, 44 б.]
Жемсаудан арылып, дұспан жауға қарсы бiрлесу, сөйтiп
сәттiлiкке үлес қосу – қажеттi үндер және керектi күндер едi. Сондай
сындарлы кезеңде, тар жерде кiмнiң кiм екенi бiлiне бастады.
Жақсының жақсылығы сол болар,
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
165
Достарыңызбен бөлісу: |