III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
деген өсиеттi ұстайды. Жырау бiрде: «Ғылымым жұрттан асты
деп, кеңессiз сөз бастама» дейдi. Сөз астарында өзiм болдымдыққа
салынып тоқмейiлсiме, жеңiл мiнездiлiкке ерме деген уағыз сарыны
аңғарылады.
«Есенiңде, тiрiңде, бiр болыңыз бәрiңiз» деп халықты бiрлiкке
шақырады. Онсыз «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан
шалар» деп ертеңгi күнге бұлыңғырлық төнiп қалар деген болжамын
еске салады. Адамдық ұстаным – борышты мiндеттердiң жауапты
саласы. Оны бұзушылық – ойшыл үшiн жат құбылыс. Жырау
әдептiлiк сұранысын былай түйiндейдi:
Естi көрсең кем деме,
Бәрi тұйғын табылмас;
Болатын адам, өсетiн ел тәуiр көретiнмен жалған айтып
суыспайды, болмайтын нәрсеге кiжiнесiп, желке құрыстырып
ұрыспайды. Әдептiлiктiң әр қыры мен сыры – бақыт көрiнiсiне
лайық. Дегенмен бақыт – адамға деген ерекше сыйласу мен махаббат
сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi. Бақытты жандар ғана өзара түсiнiсе
де, жақындаса да, бiрiге де алады. Бақытқа кедергi – ағайын мен ел
арасындары бiтiмсiздiк, ондағы мүдде алшақтығы, қасиет кенжелiгi,
сөйлесу қағидасының бұзылуы. Сөйлесуде өзара түсiнiк жетiспесе,
онда үйлесiмдiлiктiң, ынтымақтың болмауы.
Бұл заманда не ғарiп?
Ақ қалалы боз ғарiп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл, шығын сөз ғарiп...
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғарiп [2, 27 б.]
Адамның iшкi дертi азғындаған уақытта, замандағы ғарiптiң түрi
де, зардабы да көбеймек. Ғарiптiк – заман ағысы адамзат тiршiлiгiне
ыңғайсыз жағдайда дерт болып асқындамақ. Бiрақ ақын заманды
құрастырушы мен билеушiлердiң мiнез-құлқын, iс-әрекетiн сынап,
мiнедi. Адамын тану арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын
пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды
өз талаптарына сай дұрыстауға ықылас-ынта бiлдiредi..
162
Достарыңызбен бөлісу: |