Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет177/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
саясаттың маңызды бөлігі деп сипаттағанда мәселені шешудегі 
бидің ой ұшқырлығының диалектикасын ашып көрсетуді көздеген 
еді [4]. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен заңдары іштей біртұтас, берік 
күйінде сақталған. Көшпелі қазақ халықының өзіндік болмысын 
айқындаушы белгілерінің бірегейі ол әдет-ғұрыпы. Қазақтың дәс-
түрлі мәдениетіндегі ешқандай сыртқы әсерлердің ырқына бағын-
бай ұрпақтан-ұрпаққа таза күйінде ділі арқылы беріліп отырған 
ізгі қасиеттері мен құндылықтары болып табылады. Халықтың 
өмірінің мәніне айналған жөн-жоралғы, әдет-ғұрып заңдары мен 
этикалық, адамгершілік қағидаттары жалпыдан өзгешелендіретін 
ерекшеліктер. Сахараны мекен еткен көшпенділерде түрмелердің 
болмауы, күштеу органдарының қажет етілмегендігінің айғағы. 
Тайпа, ру ішіндегі даулы мәселелелер көбінесе құн төлеумен, айып 
салумен шектеліп отырған. Бұл рухани жетілген қоғамға тән көрініс. 
Әсіресе халықтың тағдыры шешілетін сын-сағаттардағы билер 
атқаған істің маңыздылығы іс-қимылмен салыстырылады.
Ақиқат алдында ар тазалығын сақтау билердің ең басты 
ұстанымы болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ билерінің 
далалық өркениеттің құқық қорғау саласын биік деңгейге көтергенін 
ерекше атап өтеді. Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы 
жайлап жатқан мемлекеттің реттеуші тетіктері толық іске қосылмай 
тұрған кездің өзінде ешқашанда, еш жерде қазақта жүзбен жүз, 
тайпа мен тайпа тұрмақ, ру мен ру соғысып көрмеген, өмір болған 
соң кездеспей қоймайтын жер дауы, жесір дауының, барымта мен 
сарымтаның аяғы ат-тон айыппен, әрі кеткенде билер кеңесінде 
құн төлеумен бітім тауып отырған [5]. Мемлекет құрушы халықтың 
тұтастығы, ауызбіршілігі ұлттың ұлы қасиетінің арқасында болған-
дығын бағамдаймыз. 
Халқымыздың ата-бабаларымыздан бері қарай келе жатқан осы 
асыл қасиеті өз заманында ұлы Абайдың да назарынан тыс қалмаған 
еді. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан 
білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл 
замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-
бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана 
тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы 
өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана 
тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі 
мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа 
ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара 
жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді. Ол екі мінезі қайсы 
десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады 


180 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет