Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет175/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
3.2 Қазақ би-шешендерінің гуманистік философиясының 
құндылықтық ерекшеліктері
Көшпенділер өркениетінің рухани-құндылықтық үрдістерін 
дамытуда би-шешендер шығармашылығының орны ерекше. Қазақ-
тың «би» сөзінің төркіні «билік» деген мағынаға келіп саяды. «Би» 
деген атаумен астасқан көне түркі тіліндегі «білік» деген сөздің 
мағынасы «басқару» немесе «білгірі» дегенді білдіреді. «Би» мен 
«шешен» деген атаулар тіпті революцияға (1917 жылға дейін) қатар 
қолданылып, кейде бірін-бірі ауыстырып келгені кездейсоқ емес. 
Қазақ қоғамындағы билер институты далалық демократиялық даму 
үлгісінде өз міндетін кәсіби дәрежеде атқарғандығын ғылыми негізде 
зерделеген академик С. Зимановтың қомақты зерттеулерінде кеңінен 
ашып көрсетеледі. Қазақ билерінің қалыптасуы жайлы көшпелі 
және жартылай көшпелі қоғамның сот-құқықтық басқару саласының 
білімі мен даналық ойларын игерген «далалық үлгідегі» өте білімді 
топ ретінде қалыптасқандығын атап көрсетеді [1]. Сонымен қатар 
билер шығармашылық әлеуетке ие топ болып та саналады. Билер 
дүниетанымының философиялық-құндылықтық ерекшеліктерін 
анықтау, оларға қазіргі кезеңдегі мемлекеттілікті жетілдіруде өзінің 
тамырларына негізделген әдіснама ретінде оралу болып табылады. 
Билер құбылысын зерттеу барысында қазақтың билер институ-
тының тарихы өте ерте замандардан басталатындығына көз жеткізуге 
болады. Ұлы Дала тарихы жайлы жазылған деректі әдебиеттерді 
зерделейтін болсақ, қазақтың билік құру дәстүрін алғашқы 
зерттеушілер орыс әкімшілігінің қызметкерлері мен ғалымдары 
болды. Қазақтардың әдет-құқық ережелерін, заңдарын зерттеген 
Л.Ф. Баллюзек, А.И. Левшин, И.А. Козлов, А. Зуев, Дельвиг, Д¢Андре, 
Д. Самоквасов, В.В. Григорьев, Л.А. Словохватов, Г. Загряжский, 
С. Масимовтардың барлығы дерлік сахарадағы билердің әділетті
шешен, бәрінен бұрын адал, таза болғандығына тоқталады. «Түгел 
сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейді қазақ. Осы Майқы би 
жайында оның ХІІІ–ХІV ғасырларда өмір сүргендігін, Шыңғыс ханның 
оң қолы, қазақ даласында билеуші болғандығын заң ғылымының 
мамандары дәлелдеп көрсетеді . Шыңғыс ханды Шыңғыстауда ақ 
киізге көтеріп, қазақ даласының билеушісі етіп жариялағандардың 
ішінде болғандардың бірі – Майқы би. Шыңғыс хан жорықпен 
оңтүстікке аттанғанда, ел билігі Майқы биге қалған. Міне, осы 
замандардан бері билер институты қазақ даласында билік құрған 
[2]. Халық жадында аттары аңызға айналған билер аз болмаған, әр 
жүздің, әр тайпаның, рудың билері болды. Солардың ішінде Аяз би, 


178 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет