Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет221/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді» [8, 12 б.]. 
Ақын бейнелі тіл арқылы тыңдаушының ақыл көзіне, жүрек түйсігіне 
қозғау салады. Күнге тура қараудың мүмкінсіздігі сияқты ақиқатты 
тікелей тану қиын. Көз күн нұрының, ақ жарықтың түсін де тікелей 
қарап ажырата алмайды. Сондықтан оның шағылған заттарындағы 
бояуға назар салады, түсін ажыратып, мағына береді. 
Адамның халифалығының мәні оның таным қабілетіне 
байланысты, яғни ол қоршаған ортаны игеріп тану арқылы түп 
иеден шұғылаланған рахым шапағатын әлем арқылы қабылдап 
мағыналандырады. Бірақ рахымның түп иесі ештеңеге мұқтаж емес. 
Әлем мен адам өзара тәуелді бір-біріне мұқтаж. Бірі әлем арқылы 
түп иені тануға, екіншісі өз танылуы арқылы түп иенің мәнін 
ұғындыруға, сөйтіп мағынаға ие болуға мұқтаж. Ал барлығын мәнге 
ие қылған түп бастау ештеңеге мұқтаж емес. Ол танылуға мұқтаждай 
болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл мұқтаждық кемшіліктен туған емес, 
керісінше, кемел толықтықтан туған алуға емес, беруге «мұқтаждық». 
Мәнге толтыруға, нұрға, рахым шапағатқа бөлеуге «мұқтаждық». 
Бұл «мұқтаждық» самадтықпен, шексіз жомарттықпен тең. Адам да 
нәпсіге тәуелділіктен арылып, таза мәнге ұласа алады. Егер ол мәнге 
әлем арқылы емес, тікелей ішіндегі ақылдың нұрға айналуымен 
тікелей жалғаса алса, бұл рухани тазарумен жүзеге асады. Негізгі 
таным нысаны әлем емес, ол тек негізгі таным нысанының рахым 
нұры шұғыланатын шағылатын бағыт сілтеушісі ғана. Күн нұрына 
тікелей қарай алмайтын сияқты ақиқатқа тіктеп қарай алмайды. 
Бірақ оттың күнге мәндестігіне ұқсас махаббат отының да нәпсі 
хауасты өртегенде, бұл жағдай мүмкін, сондықтан көбелек пен от 
символы осыны ишаралайды. 
Құранда бүкіл әлем адамның өзін тануы үшін жаратылған 
кеңістік. Адам өзін тану арқылы хақиқатқа жетеді. Әрбір жер 
қасиетті киелі болу себепті ол аманат. Табиғат адамға берер ғибраты 
бар, ол Құдайлық болмыстың дәйегі, оның барлығы мен бірлігінің 
нұсқайтын дәлелдерге ие. Адам бас көзіне сеніп қоршаған ортаға 
құбылысқа байлануға тиісті емес. Құбылыстар ишара белгілері 
ғана, оларда ақиқаттың көлеңкесіндей рәміздік мағына бар. Ал 
олардың шұғылаланған сәулесі арқылы өз қалыбына бойлап, 
қалыб (жүрек) көзін ашып, ақиқат сырды аңғаруға тиісті. Олардың 
әрқайсысы түп иеге бағыттаушы таңбалар мен белгілер. Адам ғалам 
жаратылысының мақсатты себебі болуына байланысты бүкіл ғалам 
адамнан бұрын жаратылса да, адамның себебінен жаратылып тұр. 
Адам – бүкіл ғаламның жауһары. Адамды табиғаттан хайуанаттар 
әлемінен ерекшелейтін де оның тану қабілеті, танымдық қасиеті. 


 
225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет