Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет220/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
құлшылықтың ең жоғары хәлі және мұраты – еркіндік (убудуийат) 
мақамы. Яғни, Хаққа толық құл болған адам толық еркін, азат деген 
сөз. Демек, қалб Алладан басқа нәрседен тазару арқылы шынайы 
еркіндікке ұласады екен. Сопы хақ алдында құл, халық алдында азат, 
еркін. Сопылықта «Хаққа құлшылық халыққа қызмет ету арқылы 
жүзеге асады» деген ұстаным бар.Бұл тек шынайы еркіндікке 
жеткене адам ғана толық мағынада халыққа қызмет ете алады дегенді 
білдіреді. Еркін адам болу – халық жолында топырақ болу, сол 
арқылы Хаққа барар жол болу, халыққа қызмет ету арқылы Хаққа 
қызмет ету деген сөз» [7, 192 б.].
Адамнан әлмисақтағы антына орай сұрау болатындықтан, ол 
сынақтың сынына мойынсұнуы немесе мойындамауы, лайық болу-
болмауы өз таңдауында. Адамның таңдау еркіндігіне сай ерік-жігері 
бірінші орынға шықса, жан иесіне құл болу арқылы еркіндікке жетуі, 
алғашқы қалау еркіндігінің ақиқат нәтижесі. Таңдау еркіндігін түп 
мақсаттан адаспай жан қалауына бағындырса, шын мәніндегі рухани 
еркіндікке жетеді. Ал таңдау еркіндігін тән құштарлығына жеңдірсе, 
нәпсі құлдық құрсауында қалады, ар-ұждан үніне құлақ аспау арқылы 
тапқан жалған еркіндігін малданады. Ескерусіз қалған ожданның 
шаң болып көмескіленуі мен әрекетсіздіктен қалғып-мүлгуіне сай 
жалған еркіндік табады. Жан қалауын іздеген ішкі еркіндікке жетіп, 
жүрегінде тыныштық орнаған адамда ар-ұждан үні, (әділет қаупі) 
өшіп қауіптен мүлдем қамсыз деген сөз емес. Қайта ар-ұждан үні 
басым болған сайын хақ әділінен қорқу басым, фазылынан үміт те 
үлкен. Бұл қорқыныш пен үміттің өзі махаббаттың қос қанаты секілді. 
Қорқыныш пен үміт адамды әрекетсіздікке итермелеп, құрсаулап 
алатындай көрінеді. Ал шындығында, осы қауіп – рижа нағыз 
еркіндік, хаққа махаббаты түлеп ұшқан құстай көкке самғатады. 
Әрекетке жетелейді. Дүние жалған дегенде оны жалған қылатын 
да, мағыналандыратын да адамның өзі. Себебі қоршаған ортаны 
жаратушының белгісі ретінде танып, сол жаратылыстың өзінен түп 
иесін тани білген адам дүниені мағыналандырады. 
Ал егер адам жаратылыс иесіне зер салмай, жаратылыс дүниесіне 
ғана көзін байласа, табиғаттың – жаратысытың өзі түп иесінің шапағат 
нұрымен мағынаға ие екенін ұмытса, мәнді дүниеден іздей бастаса 
адасқаны, яғни жалғанға айналдырғаны. Жаратылыс әлемі адамды 
көзін байлау емес, жаратушыға назарын аударып, бағыттау арқылы 
мағыналанады. Сондықтан жыраулардың дүние жалғандығын жария 
қылуы дүниеден түңілу емес. Ал олар әр құбылыстың астарлы сырын 
тануға меңзеп, бейнелі тілмен сөйлеу, себебі де осы, адамзатқа бас 
көзіне байланбай, тылсым сырға ақиқат ілімге назар салуға меңзейді. 


224 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет