III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Табиғат белгілі бір дәрежеде адам мен жаратушы арасына танымдық
тұрғыдан жалғасуына себеп болады. Сондықтан да Құран – Құдай
сөзі – қалам – Логос – бірінші кітап болса, табиғат – жаратылыс әлемі
– екінші кітап.
Адамның көру қабілеті өз қызметі үшін ештеңеге мұқтаж емес
деп айта алмаймыз, көру мүмкіндігі көздің себебімен екені сөзсіз.
Бірақ көз күн емес. Нұрдың, сәуленің түп бастауы күн болса, көздің
қабілеті де осы сәуле көру нысанына шағылып қайтуы арқылы ғана
іске асады. Көру қабілеті өзіне ең жақын көру мүмкіндігін содан соң
көру нысанын басты деп білуі мүмкін. Бірақ бірі көру, бірі көріну
үшін нұр сәулеге мұқтаж. Ал нұр сәуленің түп бастауында бұл
екеуіне деген мұқтаждық жоқ. Ол бұлардан тыс.
«Жігіттің алған жары жақсы болса,
Иманыңнан басқадан жақын деген.
Жігіттің алған жары жақсы болса,
Жұмақтағы хормен тең» [6, 149 б.]
деген ақын әйелді аса құрметтейді. Ер жігіт негізгі үш намысын
қастерлеп қорғауға тиісті, оның біріншісі иман, екіншісі от басы,
үшіншісі Отан, туған жер екендігі жайлы хадис бар. Осы үш
намысты сыртқы жаудан қорғаумен қатар ең басты жау нәпсінің
дұшпандығынан қорғаудың маңызы зор. Қорғаудың мәні –
дұшпанмен соғыс. Соғыстың жеңіске жетуі жауды анық танумен
жүзеге асады. Джихад соғыстың өзі ұлы және кіші болып бөлінеді.
Кіші жихад намысты сыртқы жаудан қорғау болса, ұлы жихад өз
нәпсісі мен шайтан әуесінен қорғану. Себебі иманның жауы нәпсі
екенін ақын жеріне жеткізе айтады. Сондай-ақ некенің де жауы
нәпсі, себебі азамат некеге адалдықты қосағынан талап етуі үшін өзі
де адалдықты сақтай алуы парыз. Сондықтан да нәпсіні жүгендеп,
«иманыңнан басқадан жақыныңа» адалдық, яғни намысты ішкі
сыртқы жаудан бірдей қорғау ыстық қайрат ұстамдылықты қажет
етер іс. Отаныңды да сыртқы жаудан ғана қорғап қоймай, оның
байлығына құлқын құмарлықпен қарамау, оны адамның өз ішкі
жауынан қорғауы да маңызды.
Адамның өзін-өзі танудағы басты мақсаты рухани кемелдену
болса, ол үшін өз бойындағы рух пен нәпсіні танып ажыратуы қажет.
Рухты өсіру үшін оның мұқтажын біліп іздеп табу керек. Нәпсінің
қажеттігін тежеп, алдауына, әуесіне ермеген жөн. Нәпсі адамның
топырақтан жаратылуымен байланысты, оның бұл дүниелік өмірге
байланысты табиғаты, оның асыл қасиеті рухқа қарамай-қайшы күш.
226
Достарыңызбен бөлісу: |