Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет25/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
оның сезiм әлемi, мұраттары, жалпы үйлесiмдiлiкке жетелейтiн 
жолдары, жамандықтан аулақ болуға деген талпыныстары көркем 
образдардың мәнiн құрайды. Асан Қайғының пiкiрiнше, тек жақсы-
лықтар мен қуаныштардың салтанатынан құралмаған, яғни тарих-
тың кейбiр кезеңдерiнде жамандықтардан құрылған үрдiстер басым-
дық танытады. 
Қазақстандағы бiрлiк пен тiрлiк осы айтылған кемеңгер бабалар 
сөздерiмен байланысып жатқан жоқ па?! Жоғарыда айтқандай 
әсiресе, Асанның Ой мен Сөз қадiрiн дөп басып, дәл айта бiлгендiгiне 
мына бiр жолдары куә болады:
«Таза мiнсiз асыл тас
Су түбiнде жатады,
Таза мiнсiз асыл сөз
Ой түбiнде жатады.
Су түбiнде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбiнде жатқан сөз
Шер толқытса шығады» [3, 6 б.].
Елді аузына қаратқан жан не сөйлесе де жөн іспетті. Сөздің 
асылдығына сен, дегенді жырау өсиет ретінде қалдырды.
Осы өлең жолдарында қаншама терең сезімдік иірім және ақыл-
парасатқа толы ойлар жатыр! Әрбiр сөз жәй ғана айтыла салмай
ол белгiлi бiр ойды тұжырымдайтын керемет құрал және адамның 
парасатын танытатын ғажап күш екенiне Дана бабаларымыз назар 
аударады
****
.
Асан Қайғы шығармашылығының тағы бiр ерекше астары адам 
болмысының күрделi құрылымын аша бiлу, оны адамгершiлiк прин-
циптерiмен байланыстыра бiлуiнде. Тән және рухани дүние түбiнде 
адамгершiлiк табиғатымен бiрiгiп, тұтастанған әлемге айналады. 
Қоршаған орта болса, адам үшiн ол баста өмiр тәсiлi, өмiр құрылымы 
ретiнде берiлген iспеттi. Сондықтан Асан Қайғы пiкiрiнше, дүниеде 
себепсiз, ретсiз орналасқан және дамитын ешнәрсе жоқ, барлық iс-
әрекет пен өзгерiстердiң негiзi Ғаламдық Мәнмен тығыз байланыста.
**** Философ Қ. Бейсенов бұл өлең жолдарын танымдық теориямен байланыстырып 
өз ойын былай деп түйіндейді: «Асан Қайғының танымдық теориясы мынандай 
дәйектілікте көрінуге тиіс: Сезімдік таным (шер) – рационалдық таным (ақыл-ой) 
– сөз. (Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. – 
Алматы, 1994. – 119 б.). Біздің ойымызша, бұл жолдардың танымдық негізі этикалық 
жағдайларда, яғни адаммен байланысты қарастырылады.


 
27


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет