Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет24/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?! 
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер, 
Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!? [3, 6 б.].
Асан Қайғы әрбiр адамның жанына жақсылықты, махаббатты 
ұялатып қана бұл әлемдi кемелдендiруге, дамытуға болатындығына 
бар ынтасымен сенедi. Сүйтiп өзiндiк жетiлудi – моральдық 
құндылықтың нағыз қайнар көзi екенiн, адамның барлық iс-
қимылының қозғаушы күшi екенiн ескертiп отырады. Өзінше 
адамгершiлiкпен жетiлу кемелділікке жатады. Оның барысында 
игiлiктерге жетуге болады, адамдар арасында келiсiм орнығады.
Адамның әрбiр iсi жоғары игiлiкке сай болуы үшiн адамдарға 
деген жан ашу мен махаббаттан басқа мынандай моральдық қасиет-
тер қажет-ақ: «Әдiлеттiлiк, парасаттылық, ұстамдылық, ар-ұят, 
өзiн-өзi тежеушiлiк, ымырашылдық, сабырлылық т. б. Жағымсыз 
ұғымдардан ыза, ашу, кек, одан келiп шығатын ұрыс, керiс, жалған, 
өтiрiк, жанжалдардың шығу себебi адамның әлеуметтiк әл-ауқатының 
бұзылуынан», – деп Асан Қайғы қорытынды жасаған.
Мiнезi жаман адамға
Ендi қайтiп жуыспа,
Тәуiр көрер кiсiңмен
Жалған айтып, суыспа.
Өлетұғын тай үшiн,
Көшетұғын сай үшiн
Желке терiң құрысып,
Әркiмменен ұрыспа.
Ашу – дұшпан артынан
Түсiп кетсең қайтесiң
Түбi терең қуысқа [6].
Адам дамуы қандай жағдайда болмасын басқа бiреудiң есесiнен 
жүзеге аспауы керек, тек адамгершiлiк бағдарларына, игiлiк, iзгiлiк 
принциптерiне сүйене отырып, шындыққа айналуы тиiс. Осы 
адамгершiлiк пен iзгiлiк бағдарлары адамдар үшiн бақытқа жетер, 
бейбiтшiлiктi нығайтар мақсаттағы негiзгi принциптерге айналған 
жағдайда ғана қоғам нағыз өркениеттi жолға бет бұра бастағанына 
сенуге болады. Ойшылды өмiр бойы қинаған негiзгi мәселе – халықты 
топтастырып бiрлiгiн нығайту болды. 
Асан Қайғы дүниетанымы мен этикалық-философиялық көзқа-
растарының өзегiн адам мәселесi құрайды. Адамның адамгершiлiгi, 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет