Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет258/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
анықталатыны белең алып келеді деуге болады. Бұл сияқты көңіл 
күй мен астамгершілік көшпенділер құрған империяларда да болды. 
Олардың да көптеген басқа елдерді басып алып, үстемдік орнатқан 
кездері болды. Бірақ, бұл жерде сөз сол қоғамның өз құрылымы 
мен ондағы қоғам мүшелерінің алатын орны жөнінде болып отыр 
(мысалы, ғұндар империясы, көк түріктер мемлекеті). 
Бүкіл адамзат тарихының бірегейлігі жөніндегі Батыс тарихшы-
ларының кең тараған ұстанымын сұрапыл сынға алып, әр өркениеттің 
қайталанбас өз тарихы бар екенін дәлелдеуге тырысқан ағылшын-
ның белгілі тарихшысы А. Тойнбидің өзінде де сол батысшылдықтың 
бір белгісінің сақталғандығын көреміз. Көшпенділер өркениетінің 
белгілі бір деңгейде тоқтап қалып, дамымай қалғандығын көрсеткен 
болып ол мынандай қорытынды жасайды. Адамдық мән Тойнбидің 
түсінуінше, ол – жасампаздық. Өмір сүрудің жолдарын адамдар 
үнемі жаңғыртып қана емес, жаңартып жатады. Ал ол дамуға 
әкеледі. Бірақ кейбір өркениеттер, көшпенділер де солардың ішінде, 
– дамудың ең бастапқы сатысында тоқтап қалған. Қоршаған табиғи 
ортаның жағымсыздығы оларға одан әрі өркендей беруіне мүмкін-
дік бермеген. Оларды «байланған өркениеттер» деп атайды. Бірақ, 
тоқтаған кезеңіне дейін ондай өркениеттер де дамыған дейді ол [2, 
729 б.]. Олар гуманизмнен анимализмге дейін шегінген, яғни дамыған 
өркениеттерден кері жолдан өткен. Яғни алғашқы тағылық қалыпқа 
қайта оралған. А. Тойнби сонымен бірге бұндай жолдағылардың 
басқа өркениеттік жолдарға түсіп, дами алу мүмкіндігін де теріске 
шығармайды және сондай мысалдарды да келтіреді [2, 731 б.]. Бірақ 
жоғарғы мешеуленген өркениеттер тізбегінде көшпенділер мен 
османдардың көрсетілуі түсінбестік туғызады. Номадтар өркениетін, 
солардың ішінде әсіресе біз қазақ халқының өткен жолын ескерсек, 
Тойнбидің берген сипаттамасына ол тіпті сәйкес келмейді. Ру, тайпа 
болып қана тіршілік ету алғашқы халық болып құрылған кезде-
ақ әлсіреген. Әрине, халықтың құрамында оның бөліктері ретінде 
сақталады. Ал жалпы барлық өркениеттерді алсақ, онда сондай 
қалыптағы өркениеттердің болғаны да күмән туғызады. 
«Көшпенділікті зерттеу өте маңызды, өйткені әлі күнге дейін 
Қазақстанның мәдениетінде, психологиясында, тарихи санасында 
және қазақ халқының өмірінде өткен көшпенділер мәдениетінің 
қалдырған терең ізі бар», – дейді Бақытжан Сатершинов [7, 55–56 бб.]. 
XVIII–XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы 
өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер 
қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: 
«Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда 


262 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет