Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет263/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа кетер бөлек деп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп… [1],
деп жақсы мен жаман адам жайында ойын тереңірек тұжырым-
дайды. Әсіресе, Махамбеттің халықты әділеттілікке, адалдыққа, 
ізгілікке, бірлікке шақыруды қазіргі заманда да өзекті де маңызды 
болып отыр. «Еңселігім екі елі» атты толғауында:
Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған.
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жазуды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын [1],
деп өзі өзінің іс-қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпарының 
тамаша поэзиялық бейнесін береді. «Исатай – басшы, мен – қосшы» 
деп өзінің «Соғыс» өлеңінде екеуінің арасындағы ынтымақтық пен 
достық, адалдық пен адамгершілік қатынастар туралы ойларын 
ортаға салады.
Профессор Сейіт Қасқабасов айқандай, Махамбет шығармашы-
лығының төртінші кезеңінде, яғни көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның 
қуғынға ұшыраған кезіндегі «Мұнар күн», «Қайда бар?», «Абайламай 
айырылдым», «Істеген ісім кетті далаға», «Өлең айтып, толғадым», 
«Қаршыға деген бір құс бар», «Қолы кілем, қара нар» сияқты жыр-
толғаулары адам, оның адалдығы, бостандығы, батырлығы, ой 
еркіндігі, азаматтығы, мұң-арманы, күйіну-тарығуы жайлы терең 
философиялық-этикалық және эстетикалық ойларға толы. Әсіресе 
әлеуметтік жаттану мәселесі туралы «Өзіңнен туған жас бала // 
Сақалы шығып жат болмай» дей келіп, әлеуметтік жалғыздыққа 


 
267


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет