Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет265/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениетіне бойлай түсеміз, яғни сол арқылы жаңа пайымдауларға 
жол аша аламыз, кемшілігімізді зерделеп, жетістігімізді жетілдіре 
түсеміз. Міне, сондықтан Махамбетті жан-жақты кешенді зерттеудің 
маңыздылығы жоғары деуге болады. Өйткені, тарихи тұлғалар іс-
әрекетінде қоғамдық дамудың сипаты айқын көрініс табады.
Халықтың қамын ойлап, «қоғамда әлеуметтік теңдік жетекші 
рөл атқарсын» деген идеяны ұстануымен және оны практика 
жүзінде іске асыруға талаптануымен тарихта аты қалған Махамбет 
Өтемісұлының дүниеге көзқарасы қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың 
басындағы жағдайының өзіндік айнасы болып табылады. Оның 
ақындығы мен батырлығы, даналығы мен кемеңгерлігі бір-бірімен 
астасып, алдыңғы ғасырлардағы халық дәстүрінің ұлы жалғасындай 
көрініс береді. Жауынгерлік рухты қастерлеген, қақ-тығыста қаза 
табуды о дүниеге өтудің мәртебелі өткелі санаған дәстүрлі қоғамдағы 
ұлттық ділдің сипаты дала ақынының шығармашылығында анық 
байқалады.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен дүниетанымы, жеке шығар-
машылығы өткен ғасырда елімізде негізінен таптық идеология 
тұрғысынан талдау жасалып, сарапталынып келді. Әрине, бұл тәсіл-
мен қарастырудың сыңаржақтылығы жөнінде соңғы уақытта көп 
айтылып келгені белгілі. Дегенмен, хан мен қараның арасындағы қай-
шылық пен күрестің болғаны тарихи шындық болатын. Махамбет 
өзінің досы Исатай Таймановтың жанында жүріп, осы халық күресі-
нің бел ортасында жүргені де шындық. Бірақ Махамбеттің тұлғалық 
күрделі сипаты жауынгерлік рухтың шеңберімен шектелмейді, 
ол өзіндік саяси-философиялық пайымдаулармен көмкерілген. 
Оның әлемге жеткізілуі, көркем тілмен рауаждануы, яғни жыр 
жолдарымен паш етілген, жария болған. Бұл қазақи философияның, 
ой-тұжырымның айқын көрінісі. Мәселен, бұл ғаламдағы, әсіресе 
әлеуметтік дүниедегі әрбір әлеуметтік субъек-тінің өзіндік міндет-
мақсаты, өмірде алатын орны және басқалар алдында жауапкершілігі 
бар екеніне ақынның сенетіндігін Махамбеттің төмендегідей жыр 
жолдарынан байқаймыз. 
Ақ жұмыртқа, сары уыз
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса,
Атаның жолын қумаса.
Алаштың байлығынан не пайда?
Құланнан басқа ел таппай,


 
269


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет