Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
сына айналды. Махамбет дүниетанымы және философиясы арнайы
зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Ой еркіндігі – Махамбет дүниетанымының басты принциптерінің
бірі. Еркіндік адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін
білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бірге өмір
сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұрлым
терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары болады.
Көрнекті ойшыл ақын – Махамбет адамның жан дүниесіне керекті
бірден бір қасиет – қиялдың қалыптастыруына жағдай тудыратын
оның қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғы-
сынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман
мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке, парасаттылыққа, адалдыққа
және әлеуметтік әділеттілікке жетелейді. Өз жүрегінің қалауымен,
жан–дүниесінің тілегімен ғұмыр кешкен адам ғана бақытты бола
алады.
Жалпы адам өмірің мәні, өмір мен өлім мәселесі – философияда-
ғы мәңгілік тақырыптардың бірі. Қазақ философиясында адам
баласының ертеңгі «бір өлім» туралы ойлануы оның имандылыққа,
ізгілікке бет бұрысының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы
ойлаған адам ешқандай жаманшылық жасамайды, бұл пәнидегі
ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады. Бұл Махамбет мұрасынан туын-
дайтын қорытындылардың бірі.
Сонымен қазақ философиясы – адамның өмір сүру және
өркендеу философиясы. Қазақ халқы мың жылдан астам ойлау
мәдениетінің тарихы бар халықпыз.
Махамбеттің «Белгілі туған ер едім», «Біз неткен ер», «Мен едім»,
«Менің атым Махамбет», «Қарағай шаптым шаңдоздап» сияқты
өлеңдерінен ханға, сұлтанға қасқая қарсы қарап тұрып айтқан мына
сөздерінен еркін ойлау мен кісіліктің ыстық лебін анық байқауға
болады:
Белгілі туған ер едім,
Беліме садақ асынған,
Біртіндеп жауды қашырған.
Мен келелі қара бұлтпын,
Келе жаумай ашылған.
Қарсыласкан дұшпанға
Найзағай мен жасылмын [1].
Махамбет адам деген даңқы мен атын жоғары қояды, оған өзінің
ерлігімен, ісімен, бітіспес күресімен жауап береді.
273
Достарыңызбен бөлісу: |