Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет29/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
үзбеген. Осындай әлеуметтiк-утопиялық идеяны көтеру арқылы 
өзiнен кейiнгi қазақтың қоғамдық ой-пiкiрiнiң, жаңа мұраттардың 
қалыптасуына үлкен ықпал еттi. 
Асанның пайымдауынша, халық үшiн туған жердiң әрбiр бұта-
сының, төбесiнiң өзiндiк орны бар Желмаясын мiнiп алып, қазақтың 
кең даласын оңтүстiктен солтүстiкке дейiн, шығыстан батысқа дейiн 
шарлап шыққандағы мақсаты жәй ғана қыдыру, көру емес. Асан 
Қайғы мақсаты әлде қайда тереңде жатыр – ол халқы алдындағы 
борышын орындауда.
Асан Қайғы iздеген «Жер ұйық» – адам үшiн (оның iшiнде 
қазақ үшiн) өмiр сүруге ең қолайлы болатын жер жәннаты. Қазақ 
негiзiнен көшпендiлiк өмiр салтына бейiмделген ел болғандықтан, 
оған абсолюттi мағынада сай келетiн қоныс жер жоқтың қасы болып 
шықты. Сонау Ұлытаудың да, Жетiсудың да, Сарыарқаның да, Сыр 
бойының да, Атырау алқабы мен Шу өңiрiн де, Ертiс жағалауы мен 
Алатау бөктерiнiң өзiндiк керемет қасиеттерiмен қатар кемшiлiк-
терi табылып отырған. Ол өзiнiң туған өлкесi Едiл мен Жайық жаға-
лауын былай суреттеген:
«Едiл мен Жайықтың
Бiрiн жазға жайласаң,
Бiрiн қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күмiске!» [3, 7 б.]
Бiрақ Асан Қайғы ол қоныстарды да «Жер ұйыққа» жатқызбаған. 
Сонда «Асан Қайғыны қанағаттындыратын әлем қайда?» – деген 
сұрақ туындайды. Туған өлкесiнiң мерейiн көтерiп тастағанмен, 
ол ақиқат одан да күштiрек деген сыңай танытады. «Жер ұйықты» 
iздеген Асан қайғы қазақтың бiраз жерлерiне «табиғат ана сараңдық 
жасаған екен-ау» деген көңiл кiрбiңiн сездiредi. 
Қазақ даласында да Еуропаны дүр сiлкiндiрген Томас Мордың 
«Утопиясы», Кампанелланың «Күн қаласы» iспеттi «Жер ұйық» 
идеясы шарлаған кезең болды. (Бұл идеяның iздерi Қазтуғанда да 
бар). Халық Асанмен бiрге армандады, аңыздарды толықтырды, 
жаңа жерлердi iздеумен болды. Халық – «Жер ұйық» жоқ деген сөзге 
сенгiсi келмейдi. Сондықтан да болар көшпендiлер философы – Асан 
Қайғының негiзгi тұжырымы былай өрнектелген деуге болады: «Жер 
ұйық» – бақыт пен дәулет, тыныштық пен бейбiтшiлiк әлемi, және 
оған жету үшiн халық сабырлылыққа, шыдамдылыққа үйренiп, өзiн 
iскерлiгiмен таныта бiлу керек – сонда ғана аңсаған арманыңыздағы 


 
31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет