Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет68/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
- Түркілердің өмірқамындағы табиғатпен үндестік олардың 
дүниетанымында натурфилософиялық мәселелерді алдыңғы орынға 
шығарады [28, 7–52 бб.]. 
Дәстүрлі түркілік дүниетанымға тән бұл принциптер мен 
ерекшеліктер Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығының өн 
бойын алып жатыр және оның әлем мен адамға деген дүниетанымдық 
түсініктерінің өзегін құрайды.
«Тарих-и Рашидидің» екінші дәптеріндегі «Кітап авторына 
қатысты оқиғалар жайындағы әңгіме» деп аталатын тоғызыншы 
тарауы, он бесінші тарауы, отыз бірінші тарауы, «Қазіреті Мәулана 
Мұхаммед Қази жайындағы әңгіме» деп аталатын он алтыншы та-
рауы, «Қазіреті Мәулана Мұхаммед Қазидің керемет қасиеттері 
жайындағы әңгіме» деп аталатын отыз бесінші тарауы, «Қожа 
Тажаддин және оның ата-тегі жайындағы әңгіме» деп аталатын жетпіс 
екінші және жетпіс үшінші тараулары, Қазіреті Қожа Нұран туралы 
сексен екінші – сексен алтыншы тараулар, «Кашмирдегі ислам дінінің 
жайы жайлы» деп аталатын жүзінші тарау, «Кашмирдің діни сектасы 
жәйлі» деп аталатын жүз бірінші тарау және т. б. автордың діни-
философиялық көзқарастарынан, оған ислам дінінің қаншалықты 
ықпалы болғанынан хабар береді. 
Дулати бұл еңбегінде тарихи оқиғалардың тізбегін өз өмір-
баянынан мысалдар келтіре отырып, философиялық ұстанымдары-
мен шебер жымдастыра білген. Шығармада исламның қасиетті 
кітабы – Құран кәрімдегі аяттар мен сүрелерге, пайғамбардың 
хәдис-шәрифтеріне сілтеме молынан беріледі және ойшылдың бұл 
саладағы білімдарлығы айқын байқалады. Сондай-ақ М.Х. Дулати 
Қожа Бахауиддин Нақшбанд, Қожа Шариф Қашқари, Мәулана 
Мұхаммед бин Бұрханаддин Самарқанди (лақап аты Мұхаммед 
Қази), Әбдірахман Жәми, Қожа Алааддин Аттар, Шейх Әбу-л Мәнсүр 
Матуриди, Гиджувани, Заужи, Пурани, Сухраварди, Тафтазани, 
Журжани, Низами, Науаи, Камаладдин Бинаи, Қарани, Бистами 
және тағы басқа өз замандарының озық ойлы ғұлама-ғалымдарының, 
сәуегей әулиелерінің, данышпан философтарының еңбектерімен 
жете таныс болса, кейбір замандастарының өздерімен тікелей таныс 
болған. 
Дулатидің дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен ислам діні-
нің Орталық Азияға таралуының да өзіндік ерекшеліктері болды. Ең 
алдымен, бұл аймақта жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарына 
либералды қатынас көрсеткен ханифиттік мазхабтағы сунниттік ис-
лам орнықты. Сондай-ақ исламды таратуда йасауийа, накшбандийа, 
кубравийа сияқты сопылық ағымдар – тарикаттар ерекше орын 


 
71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет