Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет128/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Кабисов Р. С. Логос Гераклита и наука логики // Философия и общество. Philosophy and society. – М., 1998. – № 3. – С. 135–154; Кессиди Ф. Х., Кондзёлка В.В. Гераклит и Древний Восток // Философские науки. – 1981. –
5. – С. 94–100; Гераклит // Фрагменты ранних греческих философов. Часть 1: От эпических теокосмогоний до возникновения атомистики / Изд. подг. А. В. Лебедев. – М.: Наука, 1989. – (Памятники философской мысли.).


ГЕРДЕР Иоганн Годфрид (1744–1803) – неміс философы, ағартушы, жазушы және әдебиеттанушы, мәдениет теоретигі. Ол адамзат тарихында- ғы ең түбегейлі органикалық негізде өлі және тірі табиғат эволюциясы нәтижесінде адам мен қоғамның қалыптасуы жөніндегі теорияны ұсынды.
«Адамзат тарихы философиясының идеялары» (1784–91) атты 4 томдық ең- бегінде адамзаттың үздіксіз қарыштауы туралы жазды. ХХ ғ. басына дейін бұл идея аксиомалық сипатта болып келді. Оның пікірі бойынша, қоғам –


172

бұл серпінді тетіктері, алдымен тіл, кейіннен оның негізінде қалыптасқан ғылым, қолөнер, өнер, дін, отбасы, мемлекет болып табылатын органикалық тұтастық. Халықтар тарихы, Г. бойынша, әрбір буыны алғашқысы және келесісімен ажырамас байланысқан мәдени дамудың тұтас тізбегі болып табылады. Мәдени дамудағы тіл мен қоғамдық институттардың қызметін жоғары бағалау Г-ді қазіргі мәдениеттанудағы рәміздік және әлеуметтік мектептерге жол ашушы деп санауға негіз бола алады. Г. әлемдік деңгей- дегі Шекспир, Сервантес, Пушкин сияқты даналардың шығарм. әр уақытта ұлттық сипатта болады деді. Әрбір халық өзінің арнаулы бағдарламасы бойынша дамиды. Сонымен қоса, бұл дамуда этнос парасаттылық және әділеттік мақсаттарын көздеуі керек. Бұл жағдайда адамның жоғары қасиеті – гумандылық жүзеге асады. «Халық әндері» (1778–79) жинағында Г. поэтикалық шығарм.-та барлық халықтардың теңдігі туралы идеяны қолдайды. Оның шығарм. мәдени-тарихи әдістеменің негізін қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет