Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет18/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   401
treatise187525

АЗҒЫНДЫҚ – адамгершілік талаптарына қарама-қарсы іс-әрекет пен мінезге бой ұратын әдеттерді білдіретін ұғым. Оған, негізінен, қоғамдық пікірмен айыпталатын теріс қылықтар мен пиғылдар жатады. Зұлымдық, арамдық, күнәһарлық, нәпсіқұмарлық, имансыздық А-қа біршама жақын ұғымдар. Халықтық дәстүрлі әдеп жүйесі А-тың айқын көріністеріне қана- ғатсыздықты, арсыздықты, ұятсыздықты жатқызады. Азғын адам халқына
қасірет әкелетін, оның намысын аяққа басатын, адамгершілік қасиеттерден адасқан тұлға болып табылады. А. көріністеріне мұсылмандардың киелі кітабы Құран Кәрімде, Пайғамбар хадистерінде әділ баға берілген. Әл- Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» атты еңбегінде А. себептерін жан-жақты талдаған. «Адам туа бітті ізгілікке жақын ба, жоқ әлде зұлымдыққа бейім бе?» деген сұрақ А-тың бастауын адамның табиғатынан іздейді. Кейбір ғалымдар адам жануарлар әлемінен шыққан, сондықтан соқыр сезімдер оның соңынан ілесіп жүреді, адам өзіне- өзі абай болмаса жардан құлатпай қоймайтынын айтады. Енді бір ғұламалар
«адам туғаннан сәби сияқты пәк, тек оны бүлдіретін қоғам» деген пікірді жақтайды. Шындыққа келгенде адамзат туа азғын болмайды, ол жүре қалыптасатын құбылыс. Өмірдегі барлық жақсылықтар адамзат тіршілігі- нің бүкіл болмысын қамти алмайтындықтан А. туындайды. Сондықтан А. адамзат болмысының көлеңкелі сипатты сияқты феномен.


АЙДУКЕВИЧ Казимеж (1890–1963) – поляк философы және Львов- Варшава мектебінің логигі, өзінің көзқарасы жағынан Вена үйірмесінің логикалық позитивизміне жақын болды. «Тіл және мән», «Дүниенің сыр- сипаты және ұғымдық аппаратура» (1934) деген еңбектерінде «радикал конвенционализм» принципін ұсынды, бұл ұстынға сәйкес кез келген ғылымның принциптері ұғымдары шартты келісімдердің нәтижесі болып табылатын анықтамаларға негізделген. Тұжырым ережелерінің де, осы теорияға қатынасы бар тәжірибе үзінділерін таңдаудың да осындай сипаты болады мыс. «Дүниенің ғылыми перспективасы» (1934) деген мақаласында ғылыми теориялардың «өзара кешірімділігі» туралы тезистің негізін қалады. 50 ж. А. марксистер тарапынан жасалған сынның ықпалымен бұл тезистен бас тартты, бірақ толық материалисттік позиция ұстанған жоқ. Логикалық семантика мен прагматика жөнінде бірқатар еңбектер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет