Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет180/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   401
treatise187525

ЕРКІНДІК – адамның сыртқы жағдайлар мен құбылыстарға тікелей тәуелділік ауқымында қалып қоймай өз мақсат-мүдделерінің қисынына сәйкес белсенді іс-әрекеттерге қабілеттілігін танытуы. Адам белсенді іс- әрекетінің нәтижесінде алдына қойған мақсатына жетеді. Тұлғаның ішкі Е-дігінің нақты іске асуы объективті мүмкіндік арқасында жүзеге асады. Қоғамдық ой тарихында Е. мәселесі адамның ерік бостандығына қатысты қарастырылды. Адам мақсаты мен ниеттерінің шығу көзіне тәуелсіз түрде еркіндікке ие. Адам өз мүддесіне объективті сәйкес келетін таңдау және қалаудың нақты мүмкіндігін сақтайды. Өйткені сыртқы жағдай адамға өз мүддесімен қажеттілігіне қарсы әрекет жасауға мәжбүрлемейді. Объективті шарттар және нақты жағдайға тәуелді түрде адам еркіндікке ие болуы немесе еркіндікке ие болмауы да мүмкін. Адамдар іс-әрекетінің бір саласында еркін, ал басқа салада еркін болмауы мүмкін. Абстрактілі еркіндік болмайды. Е. әрқашан нақты және салыстырмалы. Адам өз мақсатына жету құралын таңдауда белгілі бір шамада еркіндікке ие. Адам іс-қимылдың белгілі жоспарын таңдау жолымен өз мақсатын нақты өмірде іске асырады. Іс- әрекеттің түрлі салаларында таңдау еркіндігіне ие адам қоғамдық дамудың белсенді субъектісі болып табылады. Таңдау еркіндігіне ие болғандықтан адам өз іс-әрекетінде жеке тәжірибесімен қатар, материалды және рухани мәдениет жетістіктерін қолданып, мәдени мұраны ізбасар ұрпаққа бере алады. Әрбір нақты тарихи дәуірде еркіндікке ие адамдар мөлшері өндіргіш күштердің даму деңгейімен, табиғат пен қоғамдағы объективті үдерістерді адамдардың танып-білу дәрежесімен, нақты қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысымен айқындалады. Тұлғаның еркіндігі нақты қоғамдағы еркін-діктің бір бөлшегі. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында адам ер- кіндігі қоғамдық ілгерілеудің қуатты қозғаушы күші болды. Е. ұғымы өрке- ниетті елдерде нақты құқықтар мен демократиялық бостандық ұғымымен етене байланысты қарастырылады. Е. – жеке адамның, ұлттың, ұлыстың,


237

қоғамның өз мүдделері мен мақсаттарына сай іс-әрекет жасап, өз қалауы мен таңдауын іске асыруы. Саясатта Е. мәселесі ұлттың тәуелсіз, құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет