Әдебиет: Древнекитайская философия. – М., 1972–1973. Т. 1–2; Васильев Л. С. Проблемы генезиса китайской мысли. – М., 1989. – 309 с.; Древнекитайская философия. Эпоха Хань. – М., 1990; Китайская философия. Энциклопедический словарь. – М., 1994. – С. 573; Рубин В. А. Личность и власть в древнем Китае: Собрание трудов. – М., 1999. – 384 с.
233
ЕЛЕСТЕТУ – бұрын қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі және қиялдан туындаған бейне; сезім түрі. Көрнекі-бейнелілік білім түріндегі бейнелеу. Қабылдаудан ерекшелігі е. жеке объектілердің тікелей шындығынан жоғары тұрады және оларды ұғыммен байланыстырады. Е. екі формада – жадының және қиялдың бейнелері түрінде іске асады. Жадының елестетуі таным үдерісінің қажетті шарты ретінде қызмет етеді. Таным үдерісінің объектінің сақталған бейнесі түйсінуде өзектендіріледі. Шындықта толық қабылданбайтын Е. және ойдағы тілектер қиял бейне- лерінің көмегімен жасалады. Егер түйсіну нақты шынайлыққа ғана қатысты болса (осы шаққа), ол Е. осы шаққа, өткенге және болашаққа да қатысты. Жеке сезімдік бейнелеудің түрі ретінде, адам елестетуі тілмен жанама байланысты, жалпы мәнді мазмұнмен толықтандырылған, саналы түрде ұғынылған.
ЕЛТАНУ – құрлықтарды, елдерді, ірі аудандарды кешенді түрде зерт- теумен айналысатын географиялық ғылымдар жүйесіндегі пән. Е. – нақты бір аумақтарда физикалық және экономикалық географияға сәйкес бекіті- летін жалпы заңдылықтар мен технологиялық сипаттар қалай көрінетіндігін көрсетеді. Е. – географияның көне саласы. Е. аудандық түрлі елдерді тану қажеттілігінен сонау антика заманында пайда болған. Мыңдаған жылдар бойында Геродот және Страбоннан бастау алған елтану яғни табиғат, тарих, экономика, мәдениет және саясатты қамтумен өзінің әмбебап сипатын көрсетеді. Ғылымның дамуы, әсіресе Χ ғасырда жүйелі географиялық ғылымдардың қарқынды өсуіне алып келді. Бұл Е-дың ғылыми деңгейінің жоғарылуына алып келді. Заманауи Е. саласының әдебиеттерінде экономикалық-географиялық және физикалық-географиялық сынды екі түрлі бағыт қалыптасқан. Бұл екі бағыт табиғат және қоғамға тән заңды- лықтардың айырмашылықтары мен табиғи және экономикалық аудан- дастырудың түбегейлі сәйкессіздігінен туындады. Е. – белгілі бір ел туралы алуан түрлі білімдерді біріктіру және жүйелейтін пән. Е. – елдің өндірістік- аумақтық құрылымының даму көкжиегін және хал-ахуалын, табиғи және еңбек ресурстарын, өндірістік базасы мен аумағын пайдаланудың негізгі сипаттарын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |