ЖАНАМАЛАУ – бір ұғымның (немесе объектінің) тек үшінші ұғым (объект) арқылы ойға алынып және танып-білінетін басқаға қатынасы. Яғни объектінің қасиеттері басқа объектілермен өзара қатынасқа түсуі негізінде ашылады. Белгілі бір мақсаттар немесе нәтижелерге жету негізінде қандай- да бір үдерістің немесе іс-әрекеттің құрылымын сипаттайды. Жанамалан- дыру диалектиканың, логиканың және таным теориясының ұғымы ретінде таным үдерісінің құрылымын сипаттайды. Жанама білім – бұл негізделген, қабылданған, дәлелденген түйін. Түсіндіру, негіздеу, дәлелдеу бастапқы алғышарттардың жанамаланған түрін көрсетеді. Дәлелдеу мақсатын көздеген ойлау дискурсивті үдеріс болып табылады. Бұл үдерістің әрбір жаңа қадамы өзінің ізашар алдыңғысымен жанамаланған. Танымдағы тікелей және жанаманың қатынасы қарастырылатын зат және оның логикалық өрістетуі арасындағы қатынас ретінде көрінеді.
«ЖАҢА ФИЛОСОФТАР» – XX ғасырдың ортасында пайда болған батыс қоғамдық ойындағы әлеуметтік-философиялық бағытты белгілеу үшін қолданылған атау. «Ж. ф.» қатарына Француз интеллектуалдарының бір тобы (Б. А. Леви, А. Глюксман, Г. Лардро, К. Жамбе, Ж. М. Бенуа, Ж.П. Долле, М. Герен, М. Клавель) кіреді. «Ж. ф.» (Бенуа мен Клавельді қосқанда) 1968- ші жылғы «студенттік революцияның» солшыл радикал және анархистік өкілдері қатарында болды. Жастар қозғалысы жеңіліске ұшыраған соң олар өз көзқарастарын өзгертіп билікпен ымыраға келеді. «Ж.ф.»-дың әлеуметтік-философиялық көзқарастары структурализм, экзистенциализм, неофрейдизм идеясы және солшыл радикалдық идеологиясының өзара үндесуі болып табылады. «Ж.ф.»-дың еңбектерінің негізгі мазмұнында
248
ағартушылық, неміс классикалық философиясының ойшылдары көзқарас- тарындағы «мифтерді» теріске шығаруға ұмтылу айқын көрінеді. Олардың пікірінше, мифтер қатарына ғылым мен ақылға, әлеуметтік прогреспен әлемді қайта құру мүмкіндігіне деген сенім, тарихтың белсенді субъектісі және жоғары құндылық ретіндегі адамға деген көзқарас жатады. «Ж. ф.» билікті бастапқы әлеуметтік субстанция ретінде қарастырады. Бұл мемлекеттің алуан түрлерінде көрініс береді. Үстемдік ету – бағыну қаты- насының формасымен және дәрежесімен өзгешеленетін мемлекеттің алуан түрлерінде көрініс береді. Бұл саяси қатынастар экономикалық қаты- настармен салыстырғанда басым болғандықтан, әрқашанда зорлық пен зұлымдықтың көзі болып табылады.
Ағартушылық дәуірінен бастап, өз үстемдігін саяси мәжбүрлеу әдістерімен ғана емес, билеуші таптар қызметіндегі ғылым, білім көмегімен жүзеге асыратын биліктің жаңа түрі пайда болды. «Ж.ф.»-дың пікірінше, технократиялық даму жолына түскен адамзат батыстық капитализм жолын қайталауға мәжбүр. Бұл жол зор қиындықтар мен варварлық формада өтеді. «Ж. ф.» болашақтан варварлықтың үстемдігін, гуманистік мұраттар және құндылықтарды елемеушілікті, антидемократизм мен тұлға унификациялануын көреді. Қоғамдық прогрессті толық реакцияшыл идея деп жариялаған Ж. ф. марксизмді адамдарды қанаудан азат ету мүмкіндігі туралы теріс иллюзияны жақтаушысы ретінде айыптайды. Тағдыр талайына тәуелділік жазылған дәрменсіз адамға «Ж. ф.», «варварлық» алдында стоиктік позицияны қабыл алуды, не болмаса «бүлікті», «қарсыласуды» ұсынады. Бірақ бұл «қарсыласу» нақты саяси іс-қимыл саласында емес, сана сферасында, яғни нақты үміт және әлеуметтік мұратпен байланысты емес позицияны дайындау болып табылады. Тұлғаның өзін-өзі қорғауының осы утопиялық нұсқасы тек таңдаулы интеллектуалдар тобына арналған.
«Ж.ф.»-дың пікірінше, адамзаттың қалған бөлігіне биліктің жансыз құры- лымдарының қуыршағына айналуына, тұтқындары тағдырын қанағат тұтынуды ұсынады. «Ж. ф.» өз көзқарастарында батыстық зиялылар мен орта топтың дүние түйсігін және арман-аңсарын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |