Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – зерттеу объектісі жалпы болмыс, табиғат құбы- лыстары болатын ғылымдардың жиынтығын беретін ұғым. Ж. ғылымдары ежелгі грек ғылымынан бастау алады. Алайда, ол ХV ғасырдың екінші жартысында, яғни Қайта өрлеу заманында табиғаттың зерттеу нысанына айналуына сәйкес қарқындап дамыды. Ж. – ауқымы кең, әмбебеп ұғым. Ол ғарыштық (макроәлем), жасушалық (микроәлем) табиғат нысандарын, ғаламның жалпы қасиеттері мен құрылымын, тірі табиғатты қамтиды. Ж.
249
ғылымдары ғылыми нақтылығымен, жүйелілігімен және табиғат байлығы көздерін игеру жолдары ретіндегі практикалық мәнімен ерекшеленеді. Ж. ғылымдары: а) физика, химия, физикалық химия; б) биология, ботаника, зоология; в) анатомия, физиология, генетика; г) геология, минералогия, палеонтология, метрология, география (физикалық география); д) астро- номия (астрофизика және астрохимия) деп топтастырылады. Зерттеу нысанына байланысты математика Ж. ғылымдары қатарына жатпайды, дегенмен оның зерттеу әдістемелері әмбебап рөл атқаратындықтан, басқа ғылым салалары үшін таным құралы ретінде қарастырылады. Қазақстанда ХХ ғасырдың бірінші жартысында, білім ордаларының ашылуына сай Ж. ғылымдарының зерттеулері қалыптасып, дамиды. 1946 жылы Ғылым академиясы ашылып, Ж. және техникалық ғылымдар салалары бойынша зерттеулер басталды. 1976 жылы оның құрамында: физика-математикалық ғылымдар бөлімі; жер туралы ғылымдар бөлімі; химия-технологиялық ғылымдар бөлімі; биологиялық ғылымдар бөлімі; қоғамдық ғылымдар бөлімі жұмыс істеді.
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – адам ойының белгілі бір функцияларын қайталайтын, қолдан жасалған жүйелердің метафоралық ұғымы. «Сomputer science» (сөзбе-сөз аударғанда компьютер ғылымы) ұғымын ғылыми қауымдастық, осы мәселе бойынша өткен бірінші Халықаралық біріккен конференция барысында (Вашингтон, 1969 ж.) айқындады. Ж.и-нің практи- калық қолданылу саласы – компьютерлік сарап жүйесін жасау.
Ж.и. мәселелері жан-жақты айналысатын ғылымдар мен арнайы пән- дер бағытты, саналы әрекет тәрізді әсер қалдыратын компьютер жұмысының алгоритм ережелерін құрастыруды жете зерттеудің керектігін көрсетеді. Саналы деп баға беруге болатын компьютерлік бағдарламалар жасаудың қажеттігі жұмыс нәтижесін белгілейді. Ж.и-нің кез-келген схемасы мен теориялық негізі ақпарат (әсіресе кодтау, қайта кодтау және оны тарату) болатыны болжанады. Ж.и. қалыптасқан мәселелер жиынтығында тек сандар мен берілген деректерге ғана емес, сонымен қоса, білімге, белгілер мен нышандарға да сүйену маңызды болады. Жалпы, Ж.и-ні жетілдірудегі өзекті мәселелерді шешудің уақытқа тәуелді екендігі күмән туғызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |