Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет244/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   401
treatise187525

КОМПАРАТИВТІЛІК (лат. comparatіous – салыстырмалы) – мәде- ниеттануда салыстырмалы зерттеу арқылы мәдениеттегі жалпы және ерек- ше құбылыстарды анықтау, ондағы даму үрдісін айқындау әдісі. К. әдісіне


321

жататындары: салыстырмалы әдіс (әртүрлі текті объектілерді салыстыра отырып табиғатын ашу), тарихи типологиялық салыстыру (генезисі мен даму жағдайлары бірдей, шығу тегі жағынан түрлі құбылыстардың ұқсастығын түсіндіреді), тарихи – генетикалық салыстыру (құбылыстардың ұқсастығы олардың шығу тегі жағынан жақындығының нәтижесі) т. б. К. ағымы – тарих ғылымында, тіл білімінде, этнографияда, социологияда, заң ғылымында, әдебиеттануда кеңінен қолданыс тапты.


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


КОНВЕНЦИОНАЛИЗМ (лат. – келісім) – философиялық қағида ретінде, логиканың қағидаларын тек келісімділіктің шарттары деп есеп- тейді. Сирегірек, термин К. этикада императивтік пен конвенциалдықты (келісімділікті) бір-біріне қарсы қойғанда қолданылады. Р. Карнап К-ді жарасымдылық (төзімділік) қағидасы ретінде қарастырып, ғылымның және қоғамның ережелерін қалыптастырғанда тілдің рөлін ерекше атап өтеді. Егер «конвент» сөзінің ағылшын тілінде де, француз тілінде де заң шығарушы мәжіліс екенін, ал «конвенция» сөзінің келісім-шарт ұғымын беретінін ескерсек К-ді консенсустың идеялық платформасы деп қарауға және жеке адамдардың, топтардың, мемлекеттердің, әртүрлі саяси күштер- дің пікірлерін келістіру арқылы ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретін саяси бағыт ретінде қарастыруға болады. К. саяси философия ретінде – қоғамның ашықтығының, қабылданған саяси шешімдердің сапасын тексеру мүмкіндігінің белгісі деп түсінуге болады.


КОНВЕРГЕНЦИЯ (лат. convergere – жақындасу, түйісу, қиылысу) – этнографияда әртүрлі халықтардың мәдениетінде қоғам дамуының жалпы заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын термин. Ал мәдениет конвергенциясы – мәдениеттердің жақындасуын, бірігуге бейімділігін, процестерді айқындайтын термин. Мәдениет айырмашылығы күннен-күнге азаюда, бұның аяғы синтездік нәтиже беруі мүмкін деген болжам да жоқ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет