Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


ністерінің, қақтығыстарының көрінісі. Көркем К. тікелей шығарманың сюжетінде, оқиғадағы тартыста байқалады. Колумбаев



бет242/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   401
treatise187525

320

ністерінің, қақтығыстарының көрінісі. Көркем К. тікелей шығарманың сюжетінде, оқиғадағы тартыста байқалады.


Колумбаев Бисембай Ергалеевич, 1946 ж.т. – философия ғылымдарының докторы, профессор. Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-да қызмет етеді. 75 ғылыми мақала авторы, сонымен қатар мынадай монографиялары: «Үшінші адам: ізденіс, құрылым, адамдағы «адамшылықты» еңсеру», 271 б., Қарағанды, 1992 (Б.Е. Колумбаевтың 2011 жылы «Таңдаулы еңбектерінің» бірінші томы қайта шығарылды); «Пайымдар: Adhominem», 187 б., 2011 (Б.Е. Колумбаевтың «Таңдаулы еңбектерінің» екінші томы қайта шығарылды) және «Адам хроно-топосы», 318 б., (Қарағанды, 2021).
Б.Е.Колумбаевтың философиялық ойларының тамыры, оның өзінің көзқарасы бойынша, «Адам мәселелерін» қарастырудан бастау алады. Ол еңбектерінде бұл мәселені өз жан-дүниесінің рефлексивті толғанысы нәтижесінде дүниеге әкелді. Аталмыш әрекеттер оның кандидаттық диссертациясынан басталды: «Сұқбаттасу адамның әлеуметтік қызметі» және соңғы кітабы «Хроно-топоста» жалғасын тапты. «Сөз» (бірінші бөлім) және «Жан» мәселесі (екінші бөлім) автордың өзі алдындағы жауапкершілігіне тұнып тұр. «Қайдан білемін?» деген сұрақ туындайды. Б.Е. Колумбаев үшін бұл сұрақтың жауабы «жан» берумен тең. Ол тікелей «Адам бір жақты ма?», «Рухани дағдарыстың шешімі бар ма?», «Әлемді неге сұлулық құтқарады?», «Экологиялық мәселелердің шешімі бар ма?», « Қайсысы маңызды: білім бе , әлде сенім бе?», «Постмодернизм қайдан біледі?», «Адам қайдан жазылады және неге жазылмайды?» деген сұрақтарды қояды және жауабын іздейді. Философ үшін өз алдына қоятын мәселелердің шешілгенінен гөрі, олардың шешімсіздігін табу басты мақсат болмақ. Олай болмаған жағдайда, бұл философиялық сұрақ емес болып шығады. Бұның мәні адам қаншалықты «ғалым-философ» болғанымен де, «адам мәселелесінде» жанмен берілу арқылы ғана шынайы шешімін таппақ. Сол себепті, философия ғылым емес, яғни, ғылымдардың ішіндегі ғылым емес, ол тым жоғары сананы қажет етеді, өзімен айналысатын homo sapiens-тен асып түседі. Бұл тек Б.Е. Колумбаеваевтың ойы ғана емес, оның жұмыстарында көрініс табатын сенім – даналыққа қызмет етуге деген махаббаттан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет