Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет276/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   401
treatise187525

МАРГИНАЛДЫҚ (лат. Margіnalіs – шет, жиектегі, шекарадағы)

  • қоғамдағы әртүрлі үдерістердің нәтижесінде (көші-қон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің жаңғыртылуы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. М. дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүр- лері, нанымдары, бағдарлары және тұрмыс саясатының басқа да элемент- терінің конгломераты. «М-ды тұлға» ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзгеше жарғы- лары мен бағдарлары оның көрінетін М-ды субмәдениеттердің өзіндік ерекшеліктері бар, мойындалған қалыптан белгілі бір деңгейде бас тарту

  • басымдық танытып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздері- не күштеп тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). Бұл мәселе 1930 жылдары Э. Стоунквисттің зерттеулерінде қарастырылды. М-қа тән, тұлғаның мәдени «екіұдайылануы», оның бағдарларының «мәде- ниаралық» болуы мәдени тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу үдерісін күрде- лендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар М-дықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени байи түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.



МАРКУЗЕ Герберт (1898–1979) – нем.-амер. философы, мәдениет- танушы. Франфурт мектебінің негізін салушылардың бірі, М. Хайдеггер- дің шәкірті. М-ге Гегель, Маркс, Ницше, Фрейд идеялары үлкен әсер


365

етті. 30 жылдардан бастап жеке адамның бостандығына қатер әкелетін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған «сыни теорияны» жасауға қатысты. Ол «бір өлшемді қоғам» және «бір өлшемді адам» ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам дегеніңіз – бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тотальді жүйе; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек қоя отырып «сыртқы еркіндік» үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығу-арылу үшін мәдени құндылықтардың өзгеруі және «ішкі еркіндікті» таба алу қажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік қатерлі үрдісін тудырды және бұған «бір өлшемді» адамның қалыптасуына кінәлі құқық пен бостандықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндік тудырды. Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивті жақтығынан қалыптасты, ал


«иенің сол ауруына», оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі – ол ерекше «адам типін», ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады. Жалпылық қоғамда сананы баспасөз, теледидар, радио, жарнама, сән және т. б. арқылы қалыптастыру әдістері қоғам мүшелерінің пікірлері мен қажеттіліктерін ғана емес, ішкі сезімдері мен ақылдан тыс реакцияларын да манипуляциялайды. Ол қоғам мұндай жағдайда кез-келген идеологияға толық сенімсіздік танытатын, басты мақсаты – жеке адамның беделі болып табылатын шағын топтардың әрекеті құтқарады деп біледі. Олардың қарсы күші – психикалық құрылымдарды бұзу, ол бұғаудан «қуаныш ұстыны» мен рахаттану сезімі негізінде азат болу. «Тарихи материализм феноме- нологиясы» еңбегінде М. Марксті Хайдеггермен толықтыруға, яғни Х-дің қоғамды логикалық тұрғыдан талдау беймүмкіндігін, өйткені ол жеке-дара адамдардан тұратыны туралы ойымен толықтыруға ұмтылады. Қарсылық адамның өз табиғатына тән. Оның «теріс диалектикасының» маңызы теріске шығарудың шексіздігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет