Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет278/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   401
treatise187525

МАХАББАТ адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космол. ілімінде М. бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. Платон оны сезімдік және рухани М. деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік М. – сұлулыққа сұқтанатын М-тың төм. сатысы, ал рухани М. – адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады. Христиан діні М-ты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Құдайдыңөзі М. мағынасындаұғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани М. бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс тұрған күш – христиандық М. («адамды сүю») ілімі жасалды. Бұл ерекше М. («агапэ») «жақыныңды сүй», «жауыңды сүй» сияқты қағидалар негізінде таралды. Ағартушылар М. адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери М-ты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше М. – адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы М. мәселесін әлеум. өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі М-ты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірі- нің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендік пен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеум.-таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті. Қазақ халқының рухани бастауларының бірі – шығыс мұсылман әдебиетінде М. жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстет.-көркемдік, этик.-ғибраттық зор маңызға ие болды. Орта ғасырларда М. ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып М. болды, көптеген онтол., аксиол., гносеол. мәселелердің шешуін табар түйіні осы М. кате- гориясы еді. М. ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуи- цияның) үлесіне қалдырып, оның эзотер., тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі тол- ғаныстарды шешуде де М. филос. категория қызметін атқарды. Бұл бойын- ша М. – ғаламның, адамзат жаралуының телеол. себебі, оның рухани жеті- луінің, эстет. ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. М. әрбір адамды


368


бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. М. әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен М-тың сипаты да түрліше. Мыс.: адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы М. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы М. – имандылықтың, ер мен әйел М-ы – отбасының, отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт М-ы – білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы М-тар – елдіктің және т. б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де М-тың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы – иман, Отан, отбасы М-қа негіз болар құн- дылықтар. М-ты осылайша жіктеуге М. иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. М-тың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп- жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім- шапағат түрінде көрініс беруі М-тың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни М-тың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы М. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған М. жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауап- кершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен М. жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы М. пен осындай басқа да М-тардың барлығы – олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген М-ының алғашқы сатыларының бірі. Хақиқатты сүю – адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін М. Мұндай хақты сүю М-ы жайлы өз М-тарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан М. ұғымын ғалам жаралуының сыры, адамның руха- ни кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иасауи, Абай, Шәкәрім сияқты ғұламалар жырларына жүгініп, М. сырын түсінуге болады. Мұсылман діни танымында рухани кемелденудің шыңы болып табылар –
«дидар талапқа» жеткізер басты күш-қуат осы М. Сондықтан ислам ғұ- ламалары М-ты құдайдың «Халық» есіміне сай жаратушылық сипатының телеол. қағидасы ретінде қарастырды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде:


369

«Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасыры- нулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым», – деді. Осы хадистен Тәңірінің адамға арналған М-ы барша ғалам жаралуының мақсатты себебі екендігі, яғни телеол. қағида туындайды. «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген қағида Абай, Шәкәрім секілді ислам ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығарм-ның негізгі мәні мен маңызы болғандығы мәлім. Мұсылмандық шығыста М. тақырыбында жырланған субъект – объектілік қарым-қатынас айқын, ол – ғашық пен мағшұқтың өзіндік орындарымен, қолданылар теңеулерімен анықталады. Мәселен, субъект – ғашықты көбелекке, объект – мағшұқты отқа балап Ясауи былай жырлайды: «Көбелек боп отқа түстім, шоқ боп ұштым, мінеки». Ал Шәкәрім


«Сорлы бұлбұл жазға асық боп, нұрлы гүлге айтты зар, Көбелек те отты алам деп, Шамға түсті боп құмар», – деген өлең Шығыс дәстүрінде қалыптасып, М-тың объект – субъектілік ішкі қарым-қатынасының мәнін ашатын от пен көбелек, раушангүл мен бұлбұл т. б. теңеулерге жиі барады.
«Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы» – деген Ясауи, «ариф» – хақты танушы ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану арқылы, өз тереңіне үңілу арқылы жетеді деп біледі. Ғұлама шығармаларында ғашықтық күйдің бейнеленуі мен адамның даму, жетілу, ақиқатқа жақындау сатысындағы халдері көрініс тапқан, онда ғашық халі ақиқатқа ұмтылушының танымдық сатыларына сай келеді. Осыдан М-тың гносеол. мәселелердің шешіміне қатысы аңғарылады. Ақиқатқа талпынудағы түпкі мақсат – хаққа жету. М. иесінің істеген ісінен, көркем мінез-құлқынан, ғалам, дүние сұлулығына ғажаптанып, одан ләззаттануынан, дидар талап етуінен эстет. ізденістің басты шарты М. екені байқалады. Ал ғашықтың иман және қорқыныш (хауф-рижа) пен үміт жайлы түсініктері мен ойларынан М. аксиол. құнды- лықтарды түзуші ретінде бағамдалады. Ғашықтық отының нәпсіні жалы- нымен тазартар күшін жырлауынан М-тың моральдық-этик. категория ретіндегі мәні ашылады. Ал мағшұқтың ғашық ынтызарлығын бейтарап жауапсыз қалдырмайтыны, жандүниесінің қалтарыс сырына дейін білетін достығы мен іліміне қарап, сол М-тың бастау көзі жаратушы ие деп білетіні көрінеді. Сопылық ілім онтол. тұрғыда ғалам жаралысының сырын М-тан іздейді. Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебін атайды: 1) Құдай – абсолютті, кемел, ол өзінің М-ының нысаны – адамды жаратты. Алланың самадтығы (мұқтажсыздығы) шексіз, ол әуел бастан М. бастауы болғандықтан да сүйіс- пеншіліктің, мейірім-шапағаттың таусылмас кені. Алланың адам сүйіс- пеншілігін қалауы шындығында мұқтаждық емес – жомарттық, себебі хақ- тың достығына жеткен адамды шексіз рахым-шапағатқа бөлейді. 2) Құдай
– абсолютті ғажайып, ол өзінің ғажайыбын паш еткісі келді. Сондықтан да ғаламды ол өзінің сипаттары сәулеленетін аса көркем «айна» етіп жаратты. Айнадағы бейне кейпіндегі жаратылыс дүниеге ғажаптану арқылы сол бей- неден Жаратушыны, Ақиқат бастау түп иені танысын деп адамды жаратты. Адамзат бүкіл жаратылыстың ішіндегі жауһары, ең сүйіктісі. Ең сүйіктісі болғандықтан да ол – аса көркем жаратылыс, оны «Алла тағала өз бейнесінде жаратқан» және ол өзінің ең сүйікті досын адамзат қауымы ішінде жаратты. Бүкіл ғаламды, жанды-жансыз дүниені осы екі дүниенің шамшырағы, екі ғаламның тәжі, Алланың сүйікті досы – Мұхаммедтің (ғ.с.) құрметіне, соған деген М-тының себебінен жаратты. Бүкіл жанды-жансыз, ірілі-кішілі, рухани және материалды заттар мен дүниені «Нұри Мұхаммедтің» яғни, хазірет пайғамбардың нұрынан жаратты. 3) Құдай абсолютті даналық – өзінің ұлы есімді даналық сипаты сәулеленетіндей нысан – адамзатты жара- туды қалады, Өз ақиқатын, ғылым құдіретін паш еткісі келді. Ал адам өзінің таным көзін жоғары ақиқатқа бағыттап, жаратушысын тани алатындай мүмкіндікпен ақылдың иесі етіп жаратылды. Адамның өзге жан иелерінен айырмашылығы да оның ақылында. М-тың түп иесі осылайша адамды жоғары ақиқатты танитындай нұрлы ақыл иесі етіп жаратуының өзінде үлкен М. бар. Ғұлама Абай өзінің 38-қара сөзінде «…ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселерменен... Талап, ұғым махаббаттан шығады. ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады... Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» дейді. Яғни адамның ең асыл қасиеті – ақыл, ең асқақ мұраты
– танымға құмарлық. «Махаббатсыз, дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген ақын адам «ғылым-білімді махабатпен көксерлік болғанда», жүрегін дүние достығынан босатып, хаққа арнағанда ғана адам атына лайық бола- рын айтады. Адам жаратылысының осы негізгі үш себептерін: 1) сүйіспенші- лік үшін, 2) сұлулыққа ғажаптану үшін, 3) ақиқатты тану үшін деп ажырат- қанмен де, осы талпыныстың бәрі М-тан бастау алады. Пәктікті сүюге, сұлулықты түйсінуге, кемелдікті тануға талаптанудың барлығы М-тан шығады. «Не қылсаң да ғашық қылғын пәруәрдігер» деген Ясауидің ғашық- тық дертін М. бастауының өзінен тілеуі сондықтан да түсінікті. «Махаббат- пен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл» деген Абай да М-ты иманның негізі деп таниды. Имандылық жаршысы болған осы ғұламалар- дың М. жайлы пікірлері бір арнада тоғысады. Олар М. бастауы – Алла деп біледі. «Кәпір болса да берме азар» дейтін Ясауи де бүкіл адам баласын сүюге, татулыққа, бауырмалдыққа үндейді. Ал Хақ жолы – әділдікті сүю – ізгілікті сүю, яғни ғаламның, табиғаттың үйлесімділігінен, заңдылығынан ғибрат алып, соған сай өмір сүру, сондай-ақ адамзат қауымындағы, адам- ның жаны мен тәніндегі бүкіл заңдылықтар мен құбылыстарды ретке келтіретін ақиқат ілімге сай өмір сүру. Абай «Бәлки ғадаләт барша ізгілік- тің анасы дүр», «Ынсап ұят бұл ғадаләттен шығады» дейді. Иасауидің адам- затқа деген М-та үлгі тұтар адамы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.), оның үмбеттерін сүюі мен ғаріп, жетімдер үшін қиыншылық тартуын «Диуани хикметте» жүйелі жырлайды. М. – қозғалыс бастауы, өмір бұлағы, хауф пен рижаның яки, қорқыныш пен үміттің диалектик. бірлігінен қанаттанған құс іспетті. Себебі «Диуани хикметте» әулиелер сұлтанының Хақ алдында өзін күнәһар сезіну қорқынышы бар. Сонымен қатар, Алла рақымынан- фазылынан (кешірімшілдігінен) үміт етуі жарыса келіп М. өрілімін түзеді. Алланың әділі (сынағы) бар, сондай-ақ фазылы бар дейді иман келтірушілер. Әділі яки, сынағы тұрғысынан алсақ – шексіз пәктік иесі сұбхан Алланың сынағына төтеп берер, оның рахымына лайық, күнәдән пәк, Алламен дос- тыққа, оған қауышуға лайықты адам баласы жоқ. Фазылы, яки кешірімді- лігі тұрғысынан алсақ – Құдай адамның таудай күнәларын оның тәубасына сай таудан да үлкен фазылымен қарсылап, кешіре алады. Сондықтан бұл М-тың қос қанаты қауіп пен үміт (рижаның) адамды тәубе мен тақуалыққа бастап, ынсаптылыққа тәрбиелейді. М. ақыл үлесі емес, жүрек несібесі, ал ақылдың жаяулар жазықтығы мен ділдің самғар кеңістігі тең емес. Ділдің шексіздігі ақыл аясына сыймайды. «Хақ алдында ақылы кәміл түк қыла алмас, ғашық өрті лапылдаса бір дем қоймас. Көбелектей отқа түсіп өзін білмес, Бұл сырлармен дүниеден тойдым мен» (Ясауи). Адам хақты тану үшін жаратылды деген қағида тұрғысынан оның жаратылыс сырының та- нымдық қыры айқындалады. Сонымен қатар адамның Хақты тану құралы ретінде ақыл мен жүректі атасақ, М. осы жүрек танымының азығы, күш- қуаты, жебеушісі. «Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр, Жүрек сезедүр. – Мүтакалимин мантикин бекер босқа езедүр» деген Абай өлеңі осыны нақ- ты мәлімдейді. Осы тұрғыдан М. сопылық ілімдегі хақты танудың басты гносеол. категориясы ретінде көрінеді. Сопылық ілім бойынша, бұл дүниеде М-тың көп түрі бар. Адам жүрегінен жүз мыңдаған талап орын алуы мүмкін, бірақ осы көп талаптың барлығын қосқанда да дидар талабына сай келмей- ді. Нағыз ғашық құштарлық пен құмарлықтың барлығын жеңеді. Құштар- лық пен құмарлықты жеңу жан қинар арпалыспен жетер аса ауыр азап. Бас- қа талаптардан жүректі босатып, таухид талапты орналастыру – асыл мұрат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет