Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет280/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   401
treatise187525

МАХМҰД Қашқари (Қашқари Махмуд ибн Хусейн ибн Мухамед – Қашқар, 1029 ж ) – көрнекті философ, энциклопедист-ғалым. Бұқара мен Самарқанда оқыды. Араб және парсы тілдерін жете білді. Өз еңбектеріне материал жинап, Мавреан, Хорезм және Ферғанадан Бұхараға дейін аралады. «Дивани лұғат әт-түрік» – Ортағасырдағы түркі мәдениетінің аса бағалы ескерткіші. М.Қ-дің екінші бір үлкен еңбегі «Китаб джавахир ан нахв луғати әт-түрік» (Түрік тілдері синтаксисінің маржандары туралы кітап) кейінгі ұрпаққа жеткен жоқ. М.Қ. әл-Фарабидің «Диван әл-араб фи байан луғати әл-араб» еңбегінен (әдеби шығармалардың араб тілінде жазылған жинағы) үлгі алды. М.Қ-дың «Диванының» танымдық мәні зор еңбек. Шығармада тайпалар тілдерінің лексикалық ерекшеліктері, түркі тайпалары, түркі тілдерінің классификациясы, тариха фонатикасы, грамма- тикасы жайлы құнды мәліметтер, тарих, неогр, этногр, поэзия және фольк- лор төңірегіндегі деректер, дүниежүзінің түркілер жасаған көне картасы бар. М.Қ-дің «Дивани» түріктердің энциклопедиясы болып табылады. Онда көптеген тарихи, мәд. лингвистикалық, этногр. материалдар жинақталып талданған. Бұл еңбек көп жылдық сахаттың, зерттеудің жемісі болды. Жетісудың, Ферғананың және Қашқарияның қала халқының этникалық құрамы, оғұздардың рулық тайпалық құрылымы, түркі тайпаларының жазба мәдениеті хақында «Диванида» келтірілген мәліметтердің аса үлкен мәні бар. Өрісі тар практикалық мақсаттардың ғана көздеген бұрынғы филол. еңбектерге қарағанда М.Қ. еңбектерінде туыстас тілдерді салыстырып- саралау тәсілі тарихта алғаш рет ғыл. ұстын ретінде қолданылды. Оның тілдерді зерттеуге қолданған тарихи және салыстыру тәсілдерін зерттеудегі жаңалық және тіл туралы ғылымға қосқан баға жетпес үлес болды. «Ди- вани» тек тарихи, филол. қана еңбек емес сондай-ақ Х–ХІ ғғ. тұсындағы түрік халықтарының этикалық, эстетикалық талғам таразысынан, дүние- танымдық ой-толғауларының деңгейінен терең мәлімет беретін бағалы мәд. және әдеби ескерткіш. «Диванида» келтірілген өлең түрлері мен поэзия үлгілері гуманистік сипатта. Еңбекте түркі халықтарының филос. ой толғамдары, әлеуметтік және эстетикалық мұраттары айқын көрінеді. М.Қ- дің еңбектерінен сол дәуірде алдыңғы қатарлы ғалымдар мен ақындардың өмір сүргендігі аңғарылады, бұл түркілердің жазба әдебиеті ХІ ғасырдан әлде қайда, бұрын, VІ-VІІ ғасырларда-ақ пайда болған деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. «Дивани» түрік тектес және басқа да халықтардың тарихи географиясы жөніндегі жазба ескерткіші. М.Қ.-дің картасы бойынша сол кездегі түрікі тайпаларының мекендерін дәл көрсетуге болады, ал оның орталығына Қашқар және Баласағұн қалалары орналасқан. Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары Бируни, Баласағұни мен М.Қ. арасында болған идеялар сабақтастығын және шығармашылық жақындықты атап көрсету қажет. М.Қ. мен оған жол ашар болған Бирунидің шығырмашылық жақын- дығының айғағы – Бируни өзінің «Китаб ас-сайданасын» жазған кезде
«Диванды» зерттеген. М.Қ-дің көптеген пікірлері мен тұжырымдары өзі- нің ғылыми құндылығын бүгінге дейін жоғалтқан жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет