Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет302/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   401
treatise187525

ОЙЫН, ОЙЫН ТЕОРИЯСЫдәлел-дәйегі нәтижесінде емес, үдеріс- тің өзінде болатын, қимыл-әрекет түрі. О-ның мәдениет пен оның жекелеген түрлерінің пайда болуы және жұмыс істеуінің негізі ретіндегі теориясы ХХ ғ. Х. Ортега-и-Гассет, И. Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және басқа мә- дениеттанушылардың әртүрлі тұжырымдамаларынан пайда болды. Голанд ғалымы И. Хейзинга ежелден қазіргі кезеңге дейінгі мәдени шығарм.- ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер және т. б. жалғастыр- ған өнер генезисін спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсіз, мүддесі жоқ қызмет ретінде О-нан тарата пайымдау дәстүріне сүйенеді. Ортега-и-Гассет көпшілік мәдениетінің негізі – О-ға элитарлық мәдениетті қарсы қояды. Шығарм.-тың еркін рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердің О. өлшемдеріне үндес сипаттары. Финк мәдениеттің пайда болуын О-мен байланыстырылады, себебі О. болмаса адам баласы өсімдік тектес болар еді. Адам үшін О. бәрін де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтереді де, мәдениет феномені пайда болады. Гадамер тарих пен мәдениетті тіл стихиясындағы ерекше О. ретінде талдады: бұл ретте адам өзі қиялынан тудыратын рольден гөрі басқаша рөлде болады.


ОЙЛАУ – объективтік дүние ұғым, пікір, теория және т. б. түрде бей- нелеудің белсенді үдерісі; бұл үдеріс белгілі бір мәселелерді шешумен, шындықты жанама бейнелендіру тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады, айырықша түрде ұйымдасқан материя мидың жоғарғы жемісі. О-дың материалдық филиол. механизмдердерін жоғарғы нерв қызметі физиологиясыз зерттейді. Алайда О. мимен айырғысыз тығыз байланысты болғанымен, оны бүтіндей физиол. аппараттың қызыметімен түсіндіруге болмайды. О. биол. эволюциямен ғана емес, қоғамдық дамумен де байланысты. О. адамдардың өндірістік қызметінің үдерісінде туады және шындықты жанама жолмен бейнелендіруді қамтамасыз етеді. О. туу ерекшеліктері жағынан да, іске асу тәсілі жағынан да, нәтежиелері бойынша да қоғамдық сипатта болды. Мұның себебі О. адамзат қоғамына ғана тән еңбек және тіл қызметтеріне байланысты өмір сүреді. Сондықтан адам ойы сөйлеумен аса тығыз байланысты жүзеге асып, оның нәтижелері тілде бейнеленеді. О-ға абстракция, жалпылау, талдау және синтез сияқты үдерістер, белгілі бір мәселелер қойып, олардың шешілу жолдарын табу, болжамдар идеялар және т. с. с. ұсыну тән. О. үдерісінің нәтижесінде әрдайым белгілі бір ой пайда болды. О-ды шындықты жалпылау түрінде бейнелендіру қабілеті адамның жалпы ұғымдар құру қабілетінен көрінеді. Ғыл. ұғымдар құру тиісті заңдарды тұжырымдаумен байланысты. О-ды шындықты жанама жолмен бейнелендіру қабілеті адамның ой қорытынды, логикалық қорытынды жасауынан, дәлелдеу үдерісінен көрінеді. Бұл қабі- лет таным үдерісінен мүмкіндігін барынша кеңейтеді. Ол тікелей қабыл- дауға болатын фактілерді талдауға сүйене отырып, сезім мүшелерінің кө- мегімен қабылдауға болмайтын құбылыстарды танып білуге мүмкіндік берді. Ұғымдар және олардың жүйелері адамзаттың тәжірибесін (жалпы- лап) бейнелейді, адамдардың жинақталған білімі және шындықты одан әрі танып білуге негіз болып табылады. Адамның О-ын әртүрлі ғылымдар (жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы, логика, кибернетика, психол., гносеология және т. б.) және түрліше тәсілдермен зерттейді. Тәжірибе зертеулердің ішінде соңғы кезде түрліше кибернетикалық құралдардың көмегімен ойлауды модельдеу формасында зерттеу тәсілдерінің рөлі артып отыр. Әрбір жеке адамның өмірінде ойлау таза ақыл ой үдерісі түрінде өмір сүрмейді, ол басқа психикалық үдерістермен айырғысыз байланысты болады, яғни адамның тұтас санасынан тәуелсіз өмір сүрмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет