ОНТОЛОГИЯ (гр. ontos және logos – ілім, сөз). Көне дәуір және жаңа философияда жалпы болмыс, оның жеке түрлеріне тәуелсіз нағыз болмыс туралы ілім – О., яғни «бірінші философия» деп түсініледі. Бұл мағынасында О. болмыстың жалпы анықтамаларының жүйесі – метафизикаға барабар. Орта ғасырларда католиктик философтар Аристотельдің метафиз. туралы идеясын дін ақиқаттарына филос. дәлел болатын болмыс туралы ілім жасау үшін пайдалануға тырысты. Бұл әрекеттер Фома Аквинскийдің филос. теол. жүйесінде толық көрінді. Жаңа Заманда (ХVІ ғ.) О. метафизиканың ерекше бөлімі, бүкіл тіршілік иесінің сезімнен тыс, материалдық емес құрылымы туралы ілім деп ұйғарыла бастады. «О.» терминін алғаш қолданған нем. фил. Р. Роклениус болды (1613). О. идеясы Вольфтің философиясында толыққанды көрініс тапты. Бұл философия жеке ғылымдар мазмұнымен байланысын мүлдем жоғалтып, О-ны көбінесе оның түсінік ұғымдарына (болмыс, мүмкіндік пен шындық, сан мен сапа, субстанция және акциденция, себеп пен іс әрекет және т. б.) абстрактілік дедукциялық және грамматикалық талдау жасау жолымен құрды. Гоббстің, Спинозаның, Локктың, ХVІІІ ғ. фр. материалистерінің ілімдеріне қарама-қарсы тенденция орын алды. Өйт- кені тәжірибелік ғылымдардың деректеріне сүйенген бұл ілімдердің оң мазмұны жоғары дәрежелі филос. пән ретіндегі, гнесеология мен логикадан оқшауланған «бірінші философия» ретіндегі О. идеясын объективті түрде бұзды. классикалық нем. философиясының өкілдерінің (Кант, Гегель және т. б.) О-ны сынауы екі ұшты болды; бір жағынан, О. мазмұнсыз және тавто- логиялық ұғым деп жариялады, екінші жағынан – бұл сын жаңа, неғұрлым жетілген О. (метафизика) жасауды оны трансценденталдық идеализммен (Кант, Шеллинг), логикамен (Гегель) алмастыруды талап етумен аяқталып отырды, логика мен таным теориясы идеясын болжап білді және осы арқылы ой қорытып, философия шеңберінен дүниені шын мәнінде дұрыс тануға шығу жолын көрсетті.
ОПТИМИЗМ ЖӘНЕ ПЕССИМИЗМ (лат. Optimus – ең жақсы, pessi- mus – ең жаман) – оқиғалар барысында екі түрлі қарама-қарсы көзқарастар: О. – жарқын болашаққа, қайырымдылықтың зұлымдықты, әділеттіліктің әділетсіздікті жеңетініне сенімділік. Оқиғалар барысы жамандыққа ғана апарады дейтін көзқарастардан, үмітсіздік билеген көңіл-күйден, жақсылық пен әділеттілік салтанатына сенбеушіліктен П. байқалады. Филос. тарихын- да ойшылдар О-стік дүниетанымды әрқилы уағыздаған: мыс., ерте дәуірде Аристотель, Эпикур, ал жаңа дәуірде – Лейбниц. Лейбництің айтуынша, қазіргі дүние мүмкін болған дүниелердің ішіндегі ең дұрысы. Лейбництің шексіз О-мі түбінде өмірдегі зұлымдықты, бақытсыздықты қайғы-қасіретті ақтап шығады. П-нің негізін салушылар неміс философ иррационалистері Шопенгауэр. Э. Гартман және итальян ақыны Дж. Леонарди П. заманы өтіп бара жатқан таптарға, мыс., қазіргі заманғы буржуазияға тән көзқарас. О. мен П-ді сыңар жақтылықтан, зұлымдықтан қашып құтылуға болмайды, бірақ дүниені адам әрекеті арқылы жақсартуға болады деп есептейтін мелиоризм (лат. Melor – жақсы) өкілдері құтқаруға тырысты. Бұл сөз атауын ХІХ ғ. ағылшын жазушысы Дж. Элиот және француз философы Дж. Селли енгізген. Мелиоризмді жақтаушылар дүниені адамның жеке басын жетілдіру, білім арқылы ғана жақсартуға болады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |