ОРТЕГА-и-ГАССЕТ Хосе (1883–1955) – испан философы, мәдениет- танушы. О.-и-Г-тің мәдениет философиясы «идеялар мен сенімдер» туралы іліміне негізделеді және бұл оның философиялық көзқарасының өзегін құрайды. Идеялардың бүкіл жүйесі сыртқы әсерге қарсы қимыл деңгейіне көтерілген идеялар ретінде қабылданады немесе қабылданбайды. Әлеум. өмірдің және кез келген мәдениеттің өзегін танытатын нанымдар жекелік және ұжымдық болады. Тарихи дағдарыс дәстүрлі сенім-нанымдардың құл- дырау кезеңінде болады. Шектен тыс ритуалданған, өлі мәдениет адамға өмірде бағдар бола алмайды; ол идеялар мен нормалардан адам сенімін жоғалтады. Жаңа идеялар мен сенімдер іздеу дағдарысты кезеңдерді әртүрлі теориялармен, философиялық доктриналармен, дінбұзарлықпен толты- рады, сонымен қоса көпшіліктің «жабайылануы» келеді. Тарихтың әрбір шешуші сәттерінде саяси сахнада осы жабайыларға жетекші болатын
«Әрекет адамы» табылады. «Көпшілік көтерілісі» еңбегінде ол саяси қозға- лыстарды – фашизм, коммунизм – «көпшілік қоғамның» және «көпшілік адамының» пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар ол «Өнердің адамгершіліксізденуі» еңбегінде ол қазіргі мәдениеттің дағдарысының әр қырын және «көпшілік мәдениетінің» пайда болуын қарастырады. Ол үшін еуропалық контекстегі испан ойы, философияның болуы анықталмаған мәселе болды. Испандық болмыстың өзін драмалық деп қарастырады. Оның ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінен бастап ірі ақындар мен суретшілер- дің портреттеріне дейінгі маңызды тақырыптарды қамтитын эсселері ис- пан мәдени өміріне арналған. Испандық жағдайлар мен еуропалық таным тоғысында ортегиандық философиялық метафора пайда болды.
Шығ.: Философия деген не? (1991). Өнердің адамгершіліксізденуі және басқа жұмыстары. (1991). Испания туралы этюдтар. (1994).
ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЖАЗБАЛАРЫ – жазба ескерткіштері V–X ғғ. түркі тайпаларының жоғары мәдениетінің үлгісі болып табылады. Осы жазулар- дың сыры мәлім болғанға дейін түркі тайпаларының жазу, сызуы болмаған деп есептелді. Ал бұл тастар олардың жоғары биік мәдениеті, жазуы, күрде- лі де жүйелі салт-дәстүрі болғанын айғақтайды. Орхон-Енисей жазбалары оны қалдырған VI ғ. түркі тайпаларының тарихи-мәдени сабақтастығын, тарихи жадының халық санасында терең тамыр жайғанын көрсетіп, Тоныкөк пен Күлтегіннің, Білге Бумын мен Істеме қағандардың халық қамын ойла- ған толғаулары мен жан кешті батырлығын, өсиет сөздерін тасқа қашап жаз- ғандар оны келешекке үлгі етеді. О-Е. ескерткіштерінің зерттелу тарихы XVII ғ. 2-ші жартысынан басталды. Ең алғаш рет 1662 жылы О-Е. жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургемистрі Н. Витзен. Ескерткіштер үлгілерінің алғаш жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Стралленбергтің атымен тығыз байланысты. 1889 жылы Н.М. Ядринцев бастаған экспедиция Моңғолиядағы Орхон өзенінің бойы- нан үлкен екі ескерткіш тауып, бірі – Күлтегінге, екіншісі – Білге қағанға арналғанын айтады. 1893 ж. 15 желтоқсанда дат ғалымы В. Томсен оқып, түр- кі халықтарының төл ескерткіші екенін дәлелдейді. 1894 жылы В.В. Радлов О-Е. жазбаларын орыс тіліне аударады. Ескерткіштердің тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік мәнін зерттеуге С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, В.В. Бартольд, Н.Ф. Катанов сияқты Ресей ғалымдары үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |