Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет309/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   401
treatise187525

ПАСКАЛЬ Блез (1623–62) фр. философы, математигі және физигі, ықтималды теориялықтың негізін салушылардың бірі. П-дың филос. көз- қарастары қайшылықты сенімнің зердеден жоғарылығын мойындап, рацио- нализм мен скептицизм арасында толқыды. П-дің логикалық көзқарасы (индукция және дедукция, толыққанды білім және б. жайындағы ілім) Декарттың метод туралы ілімін жалғастырды, Пор-Роялдың логикасына әсер етті. П. «Шет аймаққа хатында» католиктік дінді жақтаушыларды қатты сынады. Оған қарамастан П-дің әлемдегі адам және оның шексіздікке қатынасы туралы кейбір идеялары діни экзистенциализмді негіздеуге бағытталды.


ПАНТЕОН (грек. раnteon – барлық құдайлар) – антикалық діндердегі
«барлық құдайлардың Храмы», олардың ішінде ІІ ғ. діни идеологияны қалыптастыру мақсатында салынған Рим пантеоны баршаға танымал бол- ды. П. барлық құдайлар сөзінің екінші мәні басқада политеистік діндерге тән. Көнетүркі П-ның бас құдайы – Тәңір.


ПАРЫЗ – адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналатын рухани қажеттілікті бейнелейтін философиялық-этикалық категория. Маңызды- лығы жағынан П-ды ар-ұжданмен қатар қоюға болады. Ар-ұждан секілді П-да адамның адамгершілік санасын, тәртібін бақылап және реттеп оты- ратын ішкі механизм. Тұлғаның П-ын атқаруын сыртқы моральдық санк- циялардың көмегімен бақылауға да болады. П-ды осы экстроверттік жол- мен, сыртқы жағдайлардан (ол жалпы қоғам, оның мүшелері, қоғамда қабылданған салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрып, қоғамдық пікір, белгілі бір моральдық ережелер болуы мүмкін) қорқып-сескенгеннен, басқаша айт- сақ, «П-ды орындау» сезімінің басқаруымен атқару да кездеседі. Мұндай жағдайда көзге бәрі дұрыс секілді көрінгенмен, тұлғаның ішкі жан дүние- сінде тыныштық болмай, адам тіпті күйзеліс пен қамығуға ұшырауы мүмкін. Ал интроверттік сипатқа ие П. адамның ішкі дүниесінің, ақыл-ойының талабынан туындайды, оған адам саналы түрде, еш қысымсыз, өз еркімен келеді. Сана деңгейінде түсініліп атқарылған осындай П. ғана адамға өзінің рухани-адамгершілік қуатын ашуға, өзін өз тағдырының қожасы ретінде сезінуге, өзін-өзі жасап-қалыптастыруға, өзінің табиғи сезімдерін шектеп, олардан ақыл-ойын жоғары қою арқылы адамшылық бастауларын дамытуға, сөйтіп, адамзат пен өзінің алдындағы П-ын атқаруына мүмкіндік береді. Яғни, саналы түрде, рационалдық деңгейде орындалған П. ғана адамның философиялық-антропологиялық сипатын аша алады. Қазақ халқы П. ұғымын адам болу, адамшылық пен адамгершілікке жету мақсатымен тығыз байланысты қарастырады. Ақыл-ой адамға басқа тіршілік етуші мақұлықтар секілді инстинктер деңгейінде өмір кешу үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін берілген, сондықтан да өзінің табиғи қасиеттерін ақыл-ойдың көмегіне сүйене отырып жан-жақты дамыту, адам деген қасиетті атаққа сай болу – адамның басты П-ы.
Қазақ халқының дәстүр салтында П. бен қарыздың неше алуан түр- лері бар. Олар: ұстаз алдындағы қарыз, табиғатты аялау, меймандостық қарыздары т. б. Адамға өз ісін жетік білу де басты П.
Шәкірттің ғылым сарайына енсем деп армандағаны – адамгершілік парыз. П-ын орындаған адам обал-сауапты жақсы біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет