Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет312/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   401
treatise187525

ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ – экономикалық дамыған елдер- дің «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтумен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминді аталмыш қоғамның қызмет көрсету экономикасын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басым- дылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белгілерін қалыптастырған Д. Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы факторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылықтардың жүйесі ретінде қарастырылады. Экономиканы өндірісті тек сандық жағынан өсіруден «тұрмыс деңгейін» жақсартуға бағыттау, эко- номикалық емес әлеуметтік бағдарламалар аймағын кеңейту қажет деген пікір айтылады. Беллдің айтуынша, П. қ-да капиталисттер табы жойылады,


411

ал олардың орнын оқыған, білім деңгейі жоғары жаңа билеуші элита басады. П. қ. теориясының әртүрлі аспектілерін – А. Тофлер, Ю. Хабермас, З. Бжезинский т. б. қалыптастырды.




ПОСТМОДЕРНИЗМ – дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бір қатаң анық- тамасы жоқ. Жаңа дәуір рационализімі, Ағартушылық кезеңінің ағымы, сондай-ақ ХІХ ғ. екінші жартысы. Әдебиет XX ғ. басындағы авангардта қазіргі заман ретінде қаралуы мүмкін. Сол себепті, осы дәуір кезеңдерінен кейінгінің бәрін П. деп атайды. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енгенімен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. ХХ ғ. архитектурадағы мәнер атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. философ, П. Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. туралы пікір-таласты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигма- ның үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру ұстанымын орнық- тырды. Философияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың ұстындары лабиринт пен ризома болып табылады. П. – Батыста индустриалдық қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды. Енді құнды тауар ақша да емес, билік те емес, ақпарат болып табылады. П. үшін нақты шындық жоқ, тек виртуалды шындық қана бар (П. компьютерлер, видео мен интернеттің гүлденген кезінде пайда болуы да тегін емес). Сондықтан П. мәтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализімін бекітеді. Лабиринт ұстанымы бойынша құрылып, Б.А.Қ. гипершындығын (Бодрийар) туды- ратын «гипермәтін» ұғымы пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шындық жағдайына әкеледі. Адамның жеке Мені ұжымдық санамен алмастырылады. Бұл көпшілік-сәуегейлік мәдениетте төзімділік қатынасты анықтайды, ендігі жерде ол элитарлы мәдениетке қарама-қарсы қойылмайды. П. мәдениеттің құрағы, яғни өткен мәдениеттің әртүрлі эле- менттерінен құрастырылған құрақ ретінде сипаттауға болады. Бұл құрақта әлдебір дәстүрге, жанрға, стильге немесе дәуірге артықшылық берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет