СТРУКТУРАЛИЗМ (лат. structura – құрылым, байланыс, рет) – ХХ ғасырдың 20 ж-нан бастап гуманитарлық білімдер (лингвистика, әдебиет- тану, тарих, этнография және т. б.) саласында қалыптасып келе жатқан бағыт. Бұл бағыттың ерекшелігі оның құрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пайдалануында жатыр. С-ның зерттеу нысанасы
– белгілер жүйесінен құрастырылған мәдениет (тіл, ғылым, өнер, мифо- логия, салт-дәстүр, мода, жарнама және т. б.). Бұл бағыттың С. деп аталу себебі де оның мәдениеттің түрлі салаларындағы құрылымдарды тауып және суреттеу мақсатымен тікелей байланысты, С. өзінің даму барысын- да бірнеше эволюциялық сатылардан өтті: біріншіден, құрылымдық лингвистикада С-ның өзіндік тәсілі пайда болды; екіншіден, философия- лық С. дүниеге келді; үшіншіден, С. постструкрурализм мен мәтін семио- тикасына ыдырап кетті. 1920–40 жылдарда өзінің құрылымдық лингвис- тика аясында қалыптасуын басынан өткізген С. 50–60-шы жылдары, әсіресе Францияда, шарықтап шықты. С. сол кезеңнің басымдық танытқан интеллектуалдық парадигмасына айналды. К. Леви-Строс француз С-ның негізін қалаушы болып есептеледі. Өйткені ол тілдің жүйелік талқылама- сын өзінің антропологиялық ізденістерінде алғашқылардың бірі болып қолданды. Леви-Стростың түсінуі бойынша, адамдардың некелік қарым- қатынас ережелері мен туысқандық байланыстары адамзат мәдениетінде жеке тұлға мен ұжым коммуникациясының белгілі бір түрін туындатады. Бұл коммуникация түріндегі байланыстырушы буын – әйел. Ол отбасы, ата, тайпа арасын жақындастырушы, дәнекер рөлін атқарады. Аталар арасындағы әйел алмасу әуелде инцесті, яғни жақын туыстар арасындағы
445
жыныстық қатынасты болдырмау үшін жасалған шара еді. Кейінірек ол мәдени символизмге айналды. Тілде – сөз дәнекерлеуші орталық буын болса, туысқандық қатынаста – әйел алмасу, ал экономикада – товар алмасу. Кейінірек С-ді Ж. Лакан, М. Фуко, Р. Барт дамытты.
Әдебиет: Грецкий М.Н. Французский структурализм. – М., 1971; Струк- турализм: «за» и «против» (сборник переводов). – М., 1975. Автономова Н.С. Философские проблемы структурного анализа в гуманитарных науках. – М., 1977.
СУБЛИМАЦИЯ (лат. Sublіmo – көкке көтеру, биіктету, жоғары қою) – мәдениеттануға психологиядан З. Фрейд еңбектерінің ықпалының нәтижесінде енген термин. Психологияда С. деп инстинктивті энергия түрлерінің қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жарамды үдеріске айналуы арқылы қақтығысты, жанжалды болдырмайтын психологиялық қалқан механизмін айтады. Психоанализ бойынша С-ның түр көріністерін либидоның (жыныстық энергия, жыныстық қозудың) шығармашылық үде- рісіне айналуынан; өткіртілділіктен; шиеленіскен жағдайды әзіл-сықақпен, ойын-күлкімен бәсеңсітуден және т. б. байқауға болады. З. Фрейд діни жөн- жоралардың, мәдени институттардың пайда болуын қалыптасуын және дамуын С. арқылы қарастырып, талдайды. С. термин ғылыми айналымға 1900 ж. З. Фрейд енгізгенімен де, оған дейін де С. идеясының болғандығын байқауға болады. Мысалы XVІІІ ғ. ақын-жазушылары Г. Штиллинг пен Новалистің (Фридрих фон Харденберг), ХІХ ғ. философтары А. Шопенгауер мен Ф. Ницшенің шығармаларынан виталды (өмірлік) қуаттың әлеуметке жағымсыз жақтарын соған тиімділікке аудару туралы түсініктерді кездес- тіреміз. С. іске аспаған, жұмсалмаған табиғи әуестік-құмарлық қуатын мәдени салаларға – еңбекке, шығармашылыққа, өнерге С-ланады. Сөйтіп үйреншікті әуестіктер рухани жағынан энергияның қайта жаңғыруының нәтижесінде өнегелі іске айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |