Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет373/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   401
treatise187525

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ адам мен табиғатқа, құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның көзқарасын білдіретін, қоршаған ортамен қатынасын қалыптастыратын қоғам мүшелеріне ортақ, ұлттық негіздегі жүйе. Ұ. д. адамның дүниені теор. және практик. жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практик. тәсіл. Дүние мен адамның қатынасындағы әмбебап негіздерді өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған тетік – мәдениет, ал ол қашанда этн. сипатта болады. Егер дүниетаным мәдениет- тің рухани мәйегін, күре тамырын құраса, онда әрбір этномәдениеттің өзіндік дүниетанымы бар екендігі анық. Осыған сай әлемде қанша ұлттық мәдениет бар болса, сонша ұлттық дүниетанымдық жүйе болады.
Қазақ ой-санасының алғашқы кезеңдерінде дүние, оны түсіну мен ақпаратты жинап, сақтап және жалғастыратын коммуникативтік қызметті атқарушы үлгілік-бейнелеу (тасқа қашалған суреттер) және символдық- белгілік (таңба-ру белгілері) жүйелер болса, оның орнын басқан вербальды- дискурсивті ойлау орта ғасырларда қалыптасты. Енді басты рөлді халықтың ауызекі тілі атқара бастады, бірақ бұл тұрмыстық коммуникация қызметінің аумағынан шықпайтын тіл емес, адамдардың араласуының шығарм. фор- масына тән дискурсивтік, яғни пайымдық тіл еді. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы бір ерекшелігі оның Ұ. д. ретінде шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігі, халық бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресу жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуінде. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып-білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеум. мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың шығарм-


489

нда қоршап тұрған табиғат пен әлеум. орта туралы ой-танымның қордалы жиынтығы болды. Олар негізінен бір қалыпқа сыя бермеуі мүмкін, бірақ адамдардың бай практик. өмірін, халық даналығын көрсететін филос. мәні бар еді.


Зерттеушілердің басым бөлігі Ұ. д-ның қалыптасуында миф пен діннің ерекше рөлін атап көрсетеді. Дүниетанымның тек рационалдық парадигмаға негізделген батыстық түрінен басқа да формалары жеткілікті. Мыс., К. Ясперс өзінің «Тарихтың мәні мен міндеттері» атты еңбегінде дүние- танымның мынадай типтерін атап өтеді: 1. Адамгершілік өлшемін берген әулиелер. 2. Филос. жасампаздар. 3. Филос. жаңғыртушылар. 4. Ұлы жүйе құрушылар. 5. Даналық өрісіндегі философтар. 6. Поэзиядағы философтар. Қазақ дүниетанымының мынадай ерекшеліктерін атап өткен жөн: 1.
Қазақ дүниетанымы филос. емес сарындағы даналық тәжірибесіне жатады.
2. Қазақ дүниетанымы табиғатты кие тұтумен сипатталады, оның терең экол. мазмұны бар. 3. Қазақ дүниетанымы көшпелілік менталитетпен тығыз байланысты. 4. Қазақ дүниетанымы онтол. және гнесеол. мәселелерден гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі. 5. Қазақ дүниетанымында аксиол. мәселелерге, әсіресе, рухани құндылықтарға ерекше назар аудары- лады. 6. Қазақ дүниетанымы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипатталады. 7. Филос. мәселелер негізінен экзистенц., дидактик. және праг- матик. сипатта қарастырылады. 8. Қазақ дүниетанымында байлықтан, табыс- тан гөрі ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік, т. б. адамгершілік мұраттар жоғары қойылады. 9. Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары саналады.
Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған дүниетанымдық ерекшелік ұғымы, көбінесе салт-дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез- құлықтарында басым қолданылады. Бұл ұғым қоғамның сапалық ерекше- лігін көрсетуде белсенді түрде көрінеді. Шығыс қоғамының ерекшелігі – тұрақты рухани мұраны әлеум. байлықпен тығыз бірлікте қарастыруында. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. Сондықтан да шығыс «философемі» дәстүрлі көркемжәнедіниәдебиеттерде шоғырланып, зерттеушілерді дүниетанымдық жүйенің әлеум. қырын қарастыруға, дүниетанымдық бағыттағы мәтіндерді тануға итермелейді. Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында ғыл. еңбектерде мифол., дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А.Х. Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезең- дерді бөліп алады: 1. Мифология. 2. Ренессанс (Қайта өрлеу). 3. Ағарту- шылық. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы түркі тайпаларының этн. бірігуі тұсында қалыптасқан. Қазақ дүниетанымының дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғұрлым толық сіңірген, өйткені ол ХХ ғ-дың басына дейін көшпелі мал ш-н сақтап келді. Ұ. д-дағы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақытты белгілі бір этнос


490

өмір сүруінің негізі деп білген түсінікпен байланысты. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында уақыт адамнан бөлінбеген және «уақытты өткізу (немесе өлтіру)» ол үшін мүлдем жат. Дәстүрлі дүниетаным уақыттың сызықтық емес циклдік өлшемін пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер жатады. Мыс., қазақтың ай атауларын алсақ: «көкек» – құстардың оралу уақыты, «мамыр» – жаңару кезеңі, «отамалы» – мал барынша тойы- нады, «қазан» – шөптің таусылуы, «қаңтар» – күннің қысқаруы, қаңта- рылуы, т. б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың сызықтық өлшемдері- нің орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт пісірім», «бие сауым», т. б. өлшемдер қолданады.


Көшпелінің дәстүрлі дүниетанымы болмыстың тұлғалық тылсымдық ырғақтарына мән береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан «бақи дүниеге» өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі беріледі. Ең басты шарт – «адам болу» (Абай).
Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтілік (сақталу) және динамик. (өзгермелі), архаик. (көне), актуалды (өзекті) және футуристік (келешектік) деп бөлуге болады (Л.Н. Гумилев, А. Тойнби). Ұ. д. әр халықтың болмыс формаларымен тығыз байланысты. Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет