Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Кейпер Ф. Труды по ведийской мифологии. – М., 1986; Литература и культура древней и средневековой Индии. – М., 1979. Неру Д. Открытие Индии. Кн. 1. – М., 1989



бет372/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Кейпер Ф. Труды по ведийской мифологии. – М., 1986; Литература и культура древней и средневековой Индии. – М., 1979. Неру Д. Открытие Индии. Кн. 1. – М., 1989.


УТИЛИТАРИЗМ (лат. utіlіtas – пайда) этикалық, мәдениеттанулық, дүниетанымдық ұстын. У. бойынша әрбір феномен әкелер пайдасы тұрғы- сынан бағалануы және қарастырылуы тиіс. У-нің негізін қалаған ағылшын моралисі И. Бентам болды. Оның айтуынша әрбір іс-әрекет өнегелі болуы үшін адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Тек сөйткенде ғана іс-әрекетпен «көп адамға үлкен бақыт» сыйлайсың.
Әдебиет: Милль Дж. С. Утилитаризм. СПбг, 1900. Утилитаризм // Философская энциклопедия. М., 1970.
Ұ ҰҒЫМ – дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасуы тәсілін анықтау
арқылы олардың теориялық танымының формасы. Білімдердің дамуы негізінен алғанда Ұ-ның тереңдей түсуінен (берілген нәрселер жайлы) бір Ұ-нан нәрселердің әлдеқайда тереңірек мәнін көрсетіп олардың әлдеқайда дәл бейнеленуі болып табылатын басқа Ұ-ға өтуінен көрінеді. Ұ. белгілі бір тілдік формаларда бейнеленіп, тілдің соған сәйкес сөздік мәнін құрады. Ұ-ның бір логикалық функциясы практикада және танымда бізге керекті нәрселердің қайсыбір белгілері бойынша ойша бөліп көрсету болып табылады. Осы функцияның арқасында Ұ. сөздерді белгілі бір нәрселермен


488

байланыстырады, ал бұл сөздердің дәл мәнін анықтап, ойлау процесінде оларды қолдауға мүмкіндік береді. Нәрселердің класын бөліп алып, бұл нәрселерді Ұ-да жалпылау табиғат заңдарын танып білудің қажетті шарты болып табылады. Әрбір ғылым белгілі бір ұғымдарды қолданады, оларда сол ғылым жинақтаған білімдер топтастырылады (тұжырымдалады). Ұғымның қалыптасуы, бейнелендірудің сезімдік формаларынан оған өтуі күрделі процесс: мұнда дүниені танудың салыстыру, талдау мен синтез, абстракциялау, идеализациялау, жалпылау сияқты әдістері және ой- қорытындысының айтарлықтай формалары қолданылады.




ҰЖДАН – Мұхаммед пайғамбар: «Муфтилер саған пәтуа берсе де сен ұжданыңмен ақылдас» – деп бұйырады. Ұ. – адам болмысының «төрешісі»,
«қазысы». Ұ. үні – бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың басқа түрге айналдырылған үні және адам адамгершілігінің көрсеткіші. Ұ. белгілі бір құндылығымен және тұрақтылығымен сипатталатын өмірлік іс-әрекет бағытына негіз болып табылады, борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет