Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет82/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   401
treatise187525

ӘЛЕМ КАРТИНАСЫ, әлем суреті – тарихи кезеңдерді мәдени типология бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым. Белгілі неміс


110

мәдениет тарихшысы Р. Гвардини «Жаңа заманның ақыры» атты кітабында Ә. к-сы жөнінде өзінің тартымды концепциясын ұсынады. Ол адамзат тарихын үш кезеңге (антикалық, орта ғасырлық және Жаңа замандық) бөледі. Антикалық адам, деді ол, әлемнің сыртына шықпайды, оны ішінен суреттейді. Әлем әркімнің орны алдын ала белгіленген тұтастық емес, сондықтан адам әлемде өзін еркін сезінеді. Антикалық адам үшін әлем құдайылық бастаудан құралады. Адам әлемде өмір сүргені тәрізді, әлем де адамның ішінде болады. Антикалық әлем, ғылым-білімдердің жай жинағы емес, ол әртүрлі көзқарастар мен типологиялардың жинағы. Гректер Элладаны қолдарынан келмегендіктен емес, бір-бірімен толассыз тартыста болғандықтан біріктіре алмады. Ортағасырларда Ә. к., Гвардини бойынша, мүлдем өзгеріп кетеді. Құдай әлемді жаратқанымен, одан тыс тұр. Адамдық болмыстың тірегі осы құдайға жету жолымен айқындалады. Діни философ ретінде ол ортағасырлық адамды рухани ізденгіштігі үшін жоғары бағалайды. Ортағасыр адамы әлемнің символикалық бейнесін қалыптастырды. Жаңа заман суреті, философ бойынша, XVII ғ-ға таман қалыптасады. Ғылым мәдениеттің дербес саласы ретінде діни бақылаудан босанады. Макиавели саясаттың аморальды принципін жариялайды: мем- лекеттік мақсат мораль мен азаматтық еркіндіктерден жоғары тұрады. Т. Гоббс бәріне қарсы күрестегі адамдық тіршіліктің қожасы болып табылатын мемлекеттілік идеясын негіздейді. Дж. Бруно жаңалықтары негізінде шексіз әлемдер түсінігі қалыптасады, бұл Жердің әлем орталығы болудан қалуына әкеледі. Библиялық дүниелік болмыстың ақыры туралы эсхатологиялық ілім күмәнға алынады. Осыдан келіп адам жер бетіндегі тірегінен айырылады: басқа жағынан алғанда, адам өзіне өзі шексіз еркіндік жариялайды. Адам өзін өзі абсолютты құндылық деп есептейді, әлем жаратылған дүние болудан қалып, «табиғатқа» айналады, адам өзін оның иесімін деп жариялайды. Бұл адамдық құлдырауға әкеледі. Қазіргі заманда адам әлеммен қайта тұтасуға ұмтылады және осы үшін жаңа діни мағына іздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет