Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет81/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   401
treatise187525

ӘЙТЕКЕ БИ Әйтек Байбекұлы (1644–1700) – қазақ халқының бір- лігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, қоғам қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты
«Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейтқұл әулиенің үшінші ұрпағы.


109

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары болады. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-қари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады. Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдары мен тәсілдерін үйренеді. Ал Жалаңтөстен әскери қолбасшылық дағдыларын үйренеді.


Медресені тамамдаған Ә. туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. Жиырма бір жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал 25 жасында Кіші жүз оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты
«Хан кеңесін» сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланады. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т. б. билердің қатысуымен 1684 жылы «Жеті жарғы» қабылданды.
«Жеті жарғыда» Ә. ұсынған баптардың ішінде – «Сүйек құны», «Өнер құны» белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қып қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйілтіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан барған адамдарды маңына жолатпай, келген билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Ә. биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақ- ты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Ә-нің айбарынан ығыса- тын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Ә. қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Ә-нің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бұл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
Ел аузында Ә. айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық «айыр тілді Ә.» деп атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет